Пайдалы қазбалар • 18 Мамыр, 2024
Қазба байлық қазан түбінде қалды ма?
Саланы ішінен білетін мамандар елдегі қазба байлық қоры түгесіліп келеді деп дабыл қағып жүр. Бәлкім, геологиялық саланы дамытуға, жерасты қазба байлығын барлауға бөлінетін мемлекет қаржысының тым төмендігі болар, соңғы жылдарда бірде-бір кен орны ашылмаған. Жерасты өте сирек кездесетін металға бай ел мұндай маңызды істе неге сылбыр қимылдап тұр? Топырағына қайла тимеген өлкелердің астында мол мұра жатпасына кім кепіл?
Өндіріс • 18 Мамыр, 2024
Құрылыс қажетін өтейтін өндіріс
Жоба құны 28 млрд теңгеге жуықтайтын үлкен кәсіпорынның елдегі құрылыс саласындағы орны ерекше. Айтып отырғанымыз, «Modex Astana» жеке серіктестігі – Астана қаласы маңындағы №1 Индустриялық паркте орналасқан темірбетонды құрастырмалы блок-модуль шығаратын өндіріс орны. Дұрысы мұнда көпқабатты үйдің әр бөлмесі мен бөліктері (едені, төбе, қабырғалары, сондай-ақ балкон бөліктері, т.б.), жеке-жеке құйылып әрі осында құрастырылады.
Қоғам • 18 Мамыр, 2024
Мақтымқұлы – түркі жұртына ортақ тұлға
Бүгін Түрікменстан астанасы Ашхабат қаласында осы елдің Ғылым академиясы Тіл, әдебиет және ұлттық қолжазба институты ұйымдастырған «Мақтымқұлы Пырағының даналық қазынасы» атты халықаралық ғылыми конференция жұмысы басталады.
Сұхбат • 18 Мамыр, 2024
«Ассамблея – бірліктің бірегей моделі»
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясында ел бірлігін нығайту жолындағы қызметі ерекше бірегей институттың мақсат-міндетін нықтап, этносаралық алауыздықтың алдын алуды тапсырды. Осы мәселелер жөнінде саясаттанушы Сайфулла САПАНОВПЕН сұхбаттасудың сәті түскен еді.
Үкімет • 18 Мамыр, 2024
Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.