Қазақстан • 10 Мамыр, 2018
Шетелдіктер мен азаматтығы жоқтардың мәселесі де өзекті
Депутаттардың аймақтарға іссапарларында Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқтар кепілдендірілген тегін медициналық көмек және қазір барынша кең таралған онкологиялық ауру мен қант диабеті бойынша берілетін тегін дәрілер туралы көп сұрайды.
Қазақстан • 10 Мамыр, 2018
Мемлекеттік колледждер жүйесі сақталуы тиіс
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың 2017 жылдың 31 қаңтарындағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында берілген тапсырмаларға сәйкес, 2017 жылдан бері «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» бағдарламасы іске асырылып келеді. Бұл жастардың жұмысшы кәсіптерін игеріп, жұмысқа тұруына жағдай жасаған шын мәніндегі көреген әрі ауқымды бағдарлама болды.
Қазақстан • 10 Мамыр, 2018
Ауылды дамытпасақ, артта қаламыз
Мемлекет басшысының бес әлеуметтік бастамасын халық жақсы қабылдап, өздерінің көптен бергі зар мәселесін шешуге бағытталғандықтан оларды құп алып жатыр. Баспана алу, қосымша білім беру гранттарына ие болу, осы заманғы инфрақұрылымдарға қол жеткізу, жеке кәсіптерді ашуды қолдау сияқты әлеуметтік әділеттікке бағытталғандықтан олар халықтың жүрегінен жол табуда.
Қазақстан • 10 Мамыр, 2018
Шалқар көлінің жағдайы алаңдатады
Әлем елдерінің арасында көлемі жағынан тоғызыншы орын иеленген кең-байтақ жеріміз айдын көлдер мен сарқырай аққан өзендерге бай. Соның ішінде Ақтөбе облысының аумағында Арал экологиялық дағдарысынан зардап шеккен аймақтың ауа райына қолайлы әсерін тигізетін ерекше су айдыны Шалқар көлі орналасқан. Алайда қазіргі таңда осы ерекше су айдынының апат алдында тұрғаны өзекті мәселеге айналып отыр.
Қазақстан • 10 Мамыр, 2018
Құтқару қызметін жекешелендіру тиімсіз
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы «Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес Инвестициялар және даму министрлігі «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» республикалық мемлекеттік кәсіпорын басымдылық тәртіппен жекешелендіруге жататын республикалық меншіктер тізбесіне енгізді.