Мектеп • 17 Мамыр, 2024
Алматы облысы, Талғар ауданы Нұра ауылында сыйымдылығы 920 орындық орта мектеп 1969 жылы пайдалануға берілген. Мектептегі қазіргі бала саны 1 134, оларды 117 мұғалім оқытады. Білім шаңырағы былтыр күрделі жөндеуге жабылып, мұндағы 800 оқушы көршілес Туғанбай ауылындағы №30 орта мектепке 9 ай бойы тасымалданып оқытылса, қалған 334 оқушы ауылдық әкімдіктің ғимараты мен мәдениет үйінде жоқтан бар жасап, әупірімдеп оқығаны ащы ақиқат.
Қоғам • 17 Мамыр, 2024
Зейнетақыны уақтылы ресімдеудің маңызы
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтары бар, жалпыға бірдей белгіленген зейнет жасына жеткен адамдардың, сондай-ақ егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдардың БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін белгіленген кесте бойынша алуға құқығы бар екенін еске салады.
Энергетика • 17 Мамыр, 2024
Елдегі инфрақұрылым мәселесі әлеуметтік жағдайға әсер ететіні анық. Әсіресе шалғайдағы ауылдар мен моноқалалардағы жағдай алаңдатады. Кейбір аудандардың инфрақұрылымы әбден тозған. Оларды жаңартуға, қызметкерлердің жалақысын өсіруге де қаражат қажет. Тұтынушылардан түскен қаражат нақты осы саланы жақсартуға жұмсала ма?
Ауыл • 17 Мамыр, 2024
Жаңа техниканың тиімділігі жоғары
Жетісулық егіншілер дала өндірісінің жаңа технологияларын қолдануға ерекше ден қойып келеді. Әсіресе тамшылатып һәм жаңбырлатып суару әдісі тиімділігін танытып тұр. Одан бөлек, диқандар егін шаруашылығына қажет түрлі техника сатып алып жатыр. Биыл егіс көлемі былтырғыдан әлдеқайда жоғары. Сондықтан ескірген техника тиімсіз. Жүгерішілердің де жайын ескерген жөн.
Шаруашылық • 17 Мамыр, 2024
Ертіс-Баян өңіріндегі дала төсі дүбірге толы. Диқандар көктемгі егіс жұмыстарына қызу кірісіп кетті. Қазіргі уақытта межеленген егіс алқаптарының 8 пайызына тұқым себіліп, ылғал жабылған. Қазіргідей ашық күндер жалғаса берсе, мамыр айының соңына дейін науқан толығымен аяқталады деп күтіліп отыр.