Аймақтар • 17 Мамыр, 2024
Құлсарыда 756 апатты үй анықталды
Жылыой ауданының орталығы Құлсары қаласында тасқын судың зардабын жою жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Кешеге дейін 2 624 үйге бағалау, 2 671 үйге техникалық тексеру жүргізілді. Апатты жағдайда тұрған 756 үй анықталып отыр.
Айбын • 17 Мамыр, 2024
Қазір алдына мақсат қойып, талпынып, талаптанған жасқа білім алуға мүмкіндік жеткілікті. Көптеген қаракөзіміз елімізден бөлек, алыс-жақын шет мемлекеттердің жоғары оқу орындарында да «инемен құдық қазып» жүр. Келешектің көкжиегін кеңейту жолында жастарымыздың жан-жақты білім алғаны дұрыс. Мемлекеттің дамуына қажетті тәлім алып, тәжірибе жинап, ұлтқа пайдасын тигізіп жүрген ұландарымыз қазірдің өзінде аз емес.
Университет • 17 Мамыр, 2024
Су шаруашылығы мамандарын бірлесіп даярлайды
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде «Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институты» ұлттық ғылыми-зерттеу университетінің филиалын ашу туралы келісімге қол қойылды.
Білім • 17 Мамыр, 2024
ҰБТ: 330 мыңдай талапкердің үміті
Кешегі күннен бастап еліміздегі 14 өңірде негізгі ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) басталды. Ал төтенше жағдай жарияланған 6 (Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары) өңірде тіркелу уақыты 20 мамырға дейін ұзартылды, ҰБТ 25 мамыр мен 12 шілде аралығында өткізіледі. Осы және өзге де негізгі ҰБТ төңірегіндегі сұрақтарға Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен жиында жауап берілді.
Білім • 17 Мамыр, 2024
Инженерлікке тапсырғандар ұтылмайды
Мемлекеттік білім гранттарының тізімі шықты. Жоғары білімнің қай деңгейіне қанша грант бөлінді? Ең көп грант қай мамандықтарды даярлауға қарастырылған? Жаңадан қандай мамандықтарға гранттар бөлінді? Осы және өзге де сұрақтарға жауап алу мақсатында жарияланған тізімге толығырақ тоқталуға тырыстық.