Сұхбат • 16 Мамыр, 2024
Оңайгүл ТҰРЖАН, ақын: Айналамнан биіктік пен ірілікті іздеймін
«Неге екенін білмеймін... анам мен Фариза апай туралы өлең жаза алмадым. Фариза апай жайында керемет мақала да жазғым келді. Бірақ жаза алмадым». Ақын, аудармашы, филология ғылымдарының кандидаты, Еуразия ұлттық университетінің доценті Оңайгүл ТҰРЖАНМЕН сұхбат кезінде осы сөздері еріксіз елең еткізді. «Неге?» деп қайтара сұраған жоқпыз. Себебі осы сөздерді айтқаннан кейін ақын өзі де бір сәт үнсіз қалды. Мүмкін кейіпкеріміздің «Ұлы ақындық деген де ұлы жұмбақ, ешкім әлі шешуін таба алмаған» дегені осы болар. «Өмірдің күнделікті алдыңа қоятын сұрағы әртүрлі. Сол сұрақтарға түрлі мінез көрсетуге тура келеді. Әр сұраққа түрліше жауап қайтаратын кездері болады», деген ұстаз сұхбат барысында «Қоғамда, отбасында өз орнын таба алмаған, қолдау көрмеген әйел баланы да дұрыс тәрбиелей алмайды», деген ойын да ашық білдірді.
Тәрбие • 16 Мамыр, 2024
Баланы спортқа қанша жастан баулу керек?
Бауыр етіңнің буыны бекіп, бұғанасы қатайған шағынан спортпен шынықтырудың шарапатын алдымен сол баланың өзі көреді. Дені сау ұлтты мемлекеттің тірегіне айналдыру – өз ырқымыздағы шаруа. Баланы спортқа неше жасынан теліген жөн дегенге көпшілік тереңдеп бойлай бермейді. Оларға ұл-қызын осы бір «сиқырға» қызықтыра алғанының өзі орасан олжа саналады.
Сенат • 16 Мамыр, 2024
Қазақстанның шикізаттық емес тауарлар экспорты азайған
Қазақстан үшін Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде өнеркәсіп кооперациясын, өнеркәсіп секторындағы бірлескен жобаларды дамыту негізгі басымдықтардың бірі. Дегенмен, шикізаттық емес тауарлар экспортының төмендеуі отандық өнеркәсіпті қолдау, осы бағытта тиімді шешімдер қабылдау керектігін көрсетіп отыр. Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Палата отырысында Қазақстанның шикізаттық емес тауарлар экспорты әлемдік нарықта төмендеп бара жатқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Таным • 16 Мамыр, 2024
Өнердің өлшемі – талант. Екібастан. Дегенмен кейде көркем туындының сәтті шығуына таланттың тағдыры да әсер етіп жатады. Жалпы, өнердегі мұндай оқиғалар туралы мың сан мысал келтіруге болады. Мәселен, кез келген атақты суретшінің есімі оның шығармашылығымен ғана байланысты сияқты.
Көрме • 16 Мамыр, 2024
Әбілхан Қастеев атындағы еліміздің Мемлекеттік өнер музейінде «Qazaq Ballet» креативті зертханасы ұйымдастырған «Қазақ балеті: 90 жылдық тарих» атты картиналар көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Көрмеде еліміздің кәсіби хореографиялық өнерін өркендету жолында 90 жыл бойы қойылған ұлттық спектакльдер тарихы жинақталған. Тұтас бір ғасырдың эстетикалық тарихын толғаған кенеп үстіндегі көркем шежіреде балет өнері бар қырынан сыр шертеді.