Аймақтар • 08 Мамыр, 2019
Алматыда «Жеңіс жауынгерлері» атты жиын өтті
Алматыдағы Достық үйінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының және Жастар жылының шеңберінде ҰОС ардагерлеріне құрмет көрсетуге арналған «Жеңіс Жауынгерлері» атты салтанатты шара өтті.
Аймақтар • 08 Мамыр, 2019
XVI Еуразиялық Медиа Форумының спикерлері анықталды
Алдағы 22-24 мамыр аралығында Алматыда өтетін XVI Еуразиялық Медиа Форумының бағдарламасы жария етілді. Бұл жолғы басқосу «Бүгінгі әлем: шынайылық трансформациясы?» тақырыбымен өткізіледі. Форум қонақтары арасында Facebook, Instagram, CGTN және ТАСС өкілдері, ОББ бұрынғы басшысы және тағы басқалар бар.
Тағайындау • 08 Мамыр, 2019
Ғалымжан Мелдешов Тіл саясаты комитетінің төрағасы болып тағайындалды
Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Ғалымжан Сәрсенбайұлы Мелдешов Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 08 Мамыр, 2019
Тараз қаласында 100 пәтер пайдалануға берілді
Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай Тараз қаласындағы «Бәйтерек» ықшамауданынан 100 пәтерлі арендалық-коммуналдық көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Баспаналы болғандар қатарында Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жетім балалар, әлеуметтік аз қамтылған отбасылар мен мемлекеттік және бюджеттік ұйым қызметкерлері бар. Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов азаматтарға пәтер кілтін табыстап, баспаналы болған тұрғындарды құттықтады.
Аймақтар • 08 Мамыр, 2019
500 млрд теңге жұмсалған ауыз су бағдарламасының нәтижесі қандай?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысына келген сапарында аймақ басшысы Амандық Баталовқа ауыл шаруашылығы алқаптарын тиімді пайдалану, суару жүйелерін қалпына келтіріп, қайта жаңғырту жайын қадағалауды тапсырған еді.