Аймақтар • 07 Мамыр, 2019
Қарағанды вокзалы қайта түлейді
Қарағанды сынды алып шаһар үшін бір вокзалдың аздық ететіні әм оның тар екені көптен бері айтылып жүрген әңгіме-тін. Кеншілер астанасының темір жол қақпасынан тәулігіне 5 мыңға жуық адам әрі-бері өтеді екен. Ал вокзалдың ішіне бар болғаны 800 адам ғана сыяды. Тарлығы өз алдына, классикалық сталиндік ампир мәнерінде салынған нысанның бүгінде кетеуі кетіп, тоза бастағаны да рас. Міне, осы олқылықтарды ескере келіп, «Қазақстан темір жолы» компаниясы темір жол вокзалын қайта құру туралы шешім қабылдаған болатын. Жоба әзір болғаннан кейін, былтыр 1 тамызда жұмыс басталып та кеткен еді.
Қоғам • 07 Мамыр, 2019
Ұлы дала арулары – Отан қорғаушылары
Бұған дейін әлем тарихында «жауынгер әйел» деген ұғым тек ерекшелік болатын. Ал XX-XXI ғасырлар тоғысында әскери қызметші әйел немесе жауынгер әйел сияқты мамандықтың болуы ешкімді таңғалдырмайды. Қоғам ежелден бері ерлермен қатар тұратын және Отанына күрделі және қиын уақыттарды жеңуге көмектесетін әйелдерді мадақтаған және мадақтайды. Бұған Қазақстанның мыңдаған әйелдерінің 1941 – 1945 жылдары Ұлы Отан соғысының майдандарындағы ерлік күрестері, тылдағы қайсар еңбегі дәлел.
Қазақстан • 07 Мамыр, 2019
Қуатты армия – мемлекет қалқаны
Тәуелсіз еліміздің шебі бекем, шекарасы бүтін болуы үшін қалтқысыз қызмет ететін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына – биыл 27 жыл. Осы уақыт аралығында ұлан-ғайыр даламызды қапысыз қорғауға қауқарлы кәсіби сарбаздар мен заманауи техникамен жарақтанған айбынды армиямыз аяғынан нық тұрды.
Президент • 07 Мамыр, 2019
Кеше Орталық сайлау комиссиясының отырысы болып, онда 2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына Төлеутай Рақымбековті, Жамбыл Ахметбековті және Әміржан Қосановты Президенттікке кандидат ретінде тіркеу мәселесі, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу жөнінде мәселе қаралды.
Экономика • 07 Мамыр, 2019
Өңірлерге сапар өз нәтижесін береді
Кеше Үкіметтің баспасөз алаңында Премьер-Министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік шараларының негізгі бағыттарын түсіндіру үшін өңірлерге жасаған жұмыс сапарларын қорытындылады.