Сайлау • 30 Мамыр, 2019
Қоғамдық штабтар науқан көрігін қыздыруда
Ел өңірлерінде белсенді жүргізіліп жатқан үгіт-насихат жұмыстарының нәтижесінде жұртшылық президенттікке кандидаттардың ұстанымдарына жан-жақты қанығып, сайлауалды науқанның жиындарына белсенді қатысып жатыр.
Руханият • 30 Мамыр, 2019
Телефонға Шәкен Аймановтың немересі Динадан хабарлама келіп түскен соң, дереу көңіл аударып, оқи бастадық. Дина – режиссердің Мұрат деген ұлының соңында қалған жалғыз қызы. Осы ескерткіштің ашылатынын ай бұрын хабарлап, анасы Ирина Борисовна екеуі елдің бәрінен сүйінші сұрап, сол күнді тағатсыздана күткен болатын.
Аймақтар • 30 Мамыр, 2019
Осыдан бірнеше жыл бұрын Тараз қаласындағы «Шахристан» базары жабылып, нысан қараусыз қалғандай күй кешкен болатын. Талай жылдан бері жергілікті халықтың күнкөрісіне айналып келген орталықтың жұмысы бір күнде тоқтап қалады деп ешкім де ойламаса керек. Мұны әркім әр саққа жүгіртіп, түрлі пікірлер тудырды. Алайда ежелгі шаһардың орны табылған мекен ұлт тарихының ұлы құндылығы болып осы күнге дейін жетіпті.
Медицина • 30 Мамыр, 2019
Медициналық туризм: сырттан келетіндерден сыртта емделетіндер көп
Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жолды іздеу экономикалық тұрғыдан әлдеқайда тиімді. Өйткені тәнді сауықтыру үшін де әмияныңызды әжептәуір жұқартуға тура келеді. Дегенмен ғылым мен технология дамыған заманда аз ақшаға сапалы ем алу жағдайы да қарастырылған. Статистикаға көз жүгіртсек, былтыр Қазақстанға 2 мыңнан аса шетелдік емделуші келіп кеткен екен. Алайда өзге елдің дәрігерлеріне жүгінген отандастарымыздың саны 50 мыңға жуықтап, ішкі нарықта теріс сальдо байқалған. Мұның басты себебі неде? Елдегі медициналық туризмді өркендету үшін қайтпек керек? Міне, осы және басқа да көкейкесті сауалдарға жауап іздеп, аталған саланың мән-жайына қанықтық.
Руханият • 30 Мамыр, 2019
Біз – әжептәуір білімді, кемінде он жыл мектепте оқыған халқы бар мемлекетпіз. Өз халқымыздың ғасырлар бойы қалыптастырған мәдениетінің озық үлгілерін еуропалық мәдениеттің жақсы тәжірибелеріне үйлестіре алсақ, мәдениеті бізден жоғары халық болмас еді. Бірақ біз соған самарқаулық танытудамыз.