Медицина • 31 Мамыр, 2022
Балалардағы баспа дерті қауіпті ме?
Жарқыраған жаз айы босағадан аттағалы базар мен дүкендерде балмұздақ атаулы самсап тұр. Әрісі түрлі түсті салқындатылған газды сусындар көздің жауын алады. Мұндай кезде көбіне балалардың балмұздақ пен сусындарды артығырақ пайдаланудан тамағы ауырып жатады.
Қазақстан • 31 Мамыр, 2022
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде зар заман поэзиясының көрнекті өкілі, елдік пен еркіндіктің жыршысы Дулат Бабатайұлының туғанына 220 жыл толуына орай «Поэзиядағы Дулат Бабатайұлы дәстүрі және ұлттық тұтастық идеясы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Мазмұнды жиынды Нұр-Сұлтан қаласы мен Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы әкімдіктері ұйымдастырды.
Егемен Қазақстан • 31 Мамыр, 2022
«Жүректегі жазулар» оқырманға жол тартты
Ел астанасында – «Egemen Qazaqstan» газетінің редакциясында Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық Алаш әдеби сыйлығының лауреаты, жазушы, драматург Жұмагүл Солтиеваның «Жүректегі жазулар» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Рухани іс-шараға елордалық зиялы қауым, қоғам қайраткерлері мен журналистер қатысты.
Өнер • 31 Мамыр, 2022
Биылғы ақпан айында «Астана Опера» театры балет труппасының талантты әртістері Бақтияр Адамжан мен Шұғыла Әдепхан Аустралияда Ballet International Gala әлемдік шоуы аясында табысты өнер көрсетіп, жасыл құрлық көрермендерінің көзайымына айналды. Атағы жер жарған Ковент-Гарден Корольдік балеті, Америкалық балет театры және Квинсленд балетінің жетекші солистері қатысқан дүниежүзілік деңгейдегі гала-көрсетілім 26 қаңтардан 5 ақпанға дейін жалғасты. Осы айтулы кеште талантты жұп А.Хачатурянның «Спартак» балетінен бір нөмір орындап, қазақ балеті ешкімнен кем еместігін дәлелдеді.
Тарих • 31 Мамыр, 2022
Конгресс кітапханасында сақталған суреттер
Тарихымыз сан түрлі кезеңдерді бастан өткерді. Кешегі күннің бейнесін, қоғамның кейпін сол уақыттан қалған естеліктер мен жазба мұралардан біле аламыз. Біздің даламызға сан мың саяхатшы келіп, түгін тартса майы шығып жататын ұлы даланың кереметтеріне қызығушылықпен қараған. Сол қызығушылық олардың біріне кітап жаздырса, біріне фотосурет түсіргізіпті. Бәрі де біз үшін құнды болмақ. Тарихын білгісі келетін оқырмандарға АҚШ Конгресінің кітапханасындағы қолжазбалар бөлімінде сақталған қазаққа қатысты бірнеше суретті ұсынғанды жөн көрдік.