Театр • 30 Мамыр, 2022

«Адасқандар» абыройға бөледі

399 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарқаралыда актриса Шолпан Жандарбекованың туғанына 100 жыл толуына орай халық театрларының облыстық деңгейдегі байқауы ұйымдастырылды. Өнер бәйгесінде Атығай Шанин атындағы жергілікті театр ұжымы бас жүлдені жеңіп алды.

«Адасқандар» абыройға бөледі

Аталған театр байқауда көрермен мен қазылар алқасының назарына өнер қай­раткері Кеңес Жұмабековтің «Адас­қандар» драмасын ұсынды.

Атығай Шанин театрының режиссері Арайлым Құснидтенова қойылым көрер­меннің жүрегіне жол таба алғанына қуа­ныш­ты екенін жеткізді.

– Шығарманың мән-мағынасы өте терең және оқиғасының желісі басты кейіп­­керлердің шынайы сезімдерін жан-жақты ашып көрсетеді. Әлбетте, қазылар алқа­сының актерлеріміздің еңбегін жоғары баға­лағанына қуаныштымыз. Бұл бірінші жеңісіміз емес әрі соңғысы да болмауы керек деген үміттеміз, – дейді режиссер.

Халық театрларының байқауында Ұлы­тау ауданынан келіп қатысқан «Кең­гір» ұжымына Флорид Буляковтың «Күйеуге шыққан кемпірлер» пъесасының желісі бойынша қойған трагикомедиясы үшін бірінші жүлде берілсе, Шет ауданының орталығы Ақсу-Аюлы кентінің халық театры екінші орынға лайықты деп таныл­ды. Өнер ұжымы қазылардың талқы­сына Ты­нымбай Нұрмағанбетовтің «Табал­ды­ры­ғыңа табын» драмасын ұсынған болатын.

Ал жүлделі үшінші орынды Олжас Жанайдаровтың «Жұт» пъесасын сах­на­лаған Қарқаралы ауданындағы Тәттімбет атындағы ауылдың театры иеленді.

Халық театрлары байқауының же­ңім­паздары мен жүлдегерлері дипломдар­мен, ақшалай сертификаттармен және ар­найы сыйлықтармен марапатталды. Со­­нымен қатар өнер ұжымдарын Шол­пан Жандарбекованың ұрпақтары да құт­тық­­тады.

 

Қарағанды облысы,

Қарқаралы қаласы