Аймақтар • 11 Мамыр, 2024
«Ұшқан ұя»: фильм неге түсірілген жоқ?
Жеңіс күні қарсаңында әйгілі әскери қолбасшы, Кеңес Одағының батыры, жазушы Бауыржан Момышұлының майдан даласындағы стратегиялық іс-қимылы туралы жиі айтыла бастайды. Әйткенмен даңқты тұлғаның қазақ әдебиеті үшін орны бөлек шығармалары кей жағдайда қалтарыста қалып кететіні бар.
Тарих • 11 Мамыр, 2024
Екінші дүниежүзілік соғыста ерліктің ерен үлгісін көрсетіп, Кеңес Одағының батыры атанған отандастарымыз аз емес. Алайда кеудесін оққа тосқан апайтөстеріміздің кейбірі көзі тірісінде батыр атағын алған жоқ. Бірақ бұл олардың даңқын аласартпады, керісінше, ақиқат ашылған сайын халықтың шексіз құрметін арттыра түсті. Солардың бірі де бірегейі – биыл туғанына 100 жыл толатын Рақымжан Қошқарбаев.
Пікір • 11 Мамыр, 2024
Ұлыбритания университеттерінің бірінде тағылымдамадан өтіп жүргенімізге жарты жылдан асты. Жақында зерттеу жұмысымызға байланысты өзге қалаға жол түсті. Табан тіреген шаһарда қазақтар, оның ішінде осы елге қоныстанған отбасылар – бір қауым ел. Бірі – дәрігер, бірі – мұғалім, енді бірі – ғалым. Елден жырақ кетуге түрлі себеп түрткі болған. Көбі «Арқада қыс жайлы болса, арқар ауып несі бар?», дегенге саяды.
Экономика • 11 Мамыр, 2024
Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында жанармай тапшылығының алдын алу тақырыбында талқылау жиыны өтті. Жалпы, бұл ауыл шаруашылығындағы, жанар-жағармай сату саласындағы кәсіпкерлерді жыл сайын мазалайтын мәселе екені рас.
Аймақтар • 11 Мамыр, 2024
Экзотикалық жеміс өсіруді қолға алмақ
Қазір кәсіп бастаймын деген адамға ешқандай кедергі жоқ. Қайта қайтарымсыз грант алған азаматтар кәсібінің аясын кеңейтіп, табыс табудың түрлі жолын қарастырып жүр. Тірліктің көзін тапқан Жамбыл ауданына қарасты Ерназар аулының тұрғыны Ермұхан Әжіғат әуелі жылыжайда құлпынай өсіруді қолға алған екен. Арада аз уақыт өткенде экзотикалық жеміс өсірудің жолдарын қарастыра бастаған.