Президент • 07 Мамыр, 2024
Мемлекет басшысы Отан қорғаушы күнімен құттықтады
Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Университет • 07 Мамыр, 2024
Орталық Азиядағы үздік университет
Ғылым мен жоғары білім – болашақта биік асуларды бағындыра алатын қоғамның негізгі тірегі. Бұл ретте еліміз де өзінің болашағын ғылым-біліммен тікелей байланыстырып, білім саласын әр деңгейде дамытып, жоғары нәтижелер көрсетіп жатыр. Өз кезегінде Nazarbayev University қазіргі кезде еліміздегі ғылыми үдерістің көшбасшысы атанып отыр.
Қоғам • 07 Мамыр, 2024
Ақтөбе облысы бойынша су тасқыны жағдайы бірқалыпты. Тек Ырғыз ауданының Нұра, Белшер, Құйылыс ауылдарына Торғай өзенінен төнетін қауіп сейілген жоқ. Ауыл іргесіндегі бөгеттерді нығайту жұмыстарына облыс орталығынан әскери құрам сарбаздары көмекке келді.
Аймақтар • 07 Мамыр, 2024
Зардап шеккендерге баспана салынады
«Қазгидромет» мәліметіне қарағанда, Есілдің суы тұрақты түрде тартылып келеді. Мұның өзі тасқынның соңғы фазаға түскенін білдіреді дейді мамандар. Мысалы, Сергеевка түбіндегі өзеннің деңгейі 57 см-ге түсіп, қауіпті деңгейден екі есеге жуық төмендеген. Ал Сергеев су қоймасындағы биіктік қазір 926 см-ге түскен. Ең биік нүктесі 1425 см еді.
Су тасқыны • 07 Мамыр, 2024
Жайық деңгейі қауіпті шектен асты
«Қазгидромет» РМК Атырау облыстық филиалының гидрологиялық мониторинг дерегіне сүйенсек, Жайық өзенінің деңгейі күн сайын көтеріліп келеді. Жексенбіде Индер және Махамбет ауданында қауіпті шектен асып кетті.