Руханият • 29 Мамыр, 2020
Қобда беті қазақтары: 90 жыл бұрынғы фотосурет
Мына фотосурет осыдан дәл 90 жыл бұрын Моңғол елінің батыс шебі қазақтар шоғыр қоныстанған Қызылқайың (Ұлан-құс) өлкесінде түсірілген екен. Авторы беймәлім. Суретте бес әйел тұр. Жәдігердің артқы фонына «На память Ташинке Касымовой от Ширетовой» деген жазу оймышталып, «1930 жылы 24 желтоқсан» күні сыйға берілгені таңбаланыпты.
Аймақтар • 29 Мамыр, 2020
Жекеменшік білім беру ұйымдарының мәселесі талқыланды
Қазақстан баспасөз клубында Алматы қаласының 300-ден астам жеке білім беру ұйымдарының қатысуымен «Алматы қаласының жеке білім беру қызметін қайта бастаудың кедергілері» тақырыбында онлайн режімде баспасөз жиыны өтті.
Қоғам • 29 Мамыр, 2020
Елордада санитарлық нормалардың сақталуын қадағалау рейдтері жүргізіліп жатыр
Тәртіп бұзушылық қайталанған жағдайда кәсіп иелеріне 500 АЕК-ге дейін айыппұл салынады. Полицейлер, санитарлық дәрігерлер мен әкімдік өкілдері дүкендер мен сауда орталықтарына тұрақты түрде тексеріс жүргізеді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 29 Мамыр, 2020
ҰБТ-ны Digital Agent қосымшасы арқылы бақылауға болады
Биыл қала бойынша 9299 түлек 11 сыныпты аяқтағалы отыр. Олардың 545-і «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткер. Оларға «Аттестат тапсыру» рәсімі 3-4 маусым күндеріне жоспарланған. Қала әкімдігінде өткен брифингте Алматы қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гүлнар Ермекбаева Ұлттық бірыңғай тестілеуге тіркелу online режимінде өткізілгендігін, ал тестілеу 20 маусым мен 5 шілде аралығында дәстүрлі нысанда өтетіндігін мәлімдеді.
Аймақтар • 29 Мамыр, 2020
Шымкентте коронавирус жұқтырған 762 адам анықталды
ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша кеше Шымкент қаласының 32 тұрғынынан COVID-19 вирусы табылды, олардың 24-і вирусты жұқтырғандармен жақын қарым-қатынаста болған, 2-і ЖРВИ белгілерімен ауруханаға жатқызылған, 6-уы скрининг нәтижесінде анықталған. Барлығы тиісінше жұқпалы аурулар стационарына жатқызылған.