Халық • 01 Мамыр, 2024
Еліміз зайырлы мемлекет ретінде қазақ жеріндегі түрлі этностардың еркін өмір сүріп, дәстүрі мен мәдениетін, тілі мен ділін сақтауға еш шектеу қойған емес. Алматыдағы Достық үйінің дәнекер болуымен олар ұдайы бас қосып, түрлі іс-шаралар өткізуді дәстүрге айналдырған. Миллиондар тоғысқан мегаполис – қаншама ұлт пен ұлысты бөле-жармай бауырына басқан киелі тұрақ.
Депозит • 01 Мамыр, 2024
Биыл еліміздегі ислам депозитінің көлемі 2,8 трлн теңгеге жетеді деген болжам бар. «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) әкімшілігі исламдық қаржы жөніндегі басшысы Мәдина Тұқұлованың айтуынша, ислам қаржысын дамыту орталықтағы басым бағыттардың бірі саналады.
Мереке • 01 Мамыр, 2024
Бүгін – Қазақстан халқының бірлігі күні. Айтулы мереке барлық аймақта, алыс аудан, елді мекендерде кең атап өтіледі. Бірлік – Қазақстан халқының өмірлік ұстанымы, әрбір отандасымыз қапысыз қастерлеп, қадірін терең ұғына білуге тиіс басты құндылығы. Ел бірлігі біздің ең қасиетті қазынамыз – Тәуелсіздігіміздің тірегі.
Қаржы • 01 Мамыр, 2024
Арзандамайтын алтын табысты еселеудің амалы ма?
Қолдағы басы артық ақшаны айналымға салар қаржы құралдары көз алдымызда әртараптандырылып жатыр: банк салымы, акция, облигация, фьючерстер. Солардың арасында алтынның маңызы ерекше. Оның құнын жоғалтқан кезі аз. Осы аптада сынамалы алтынның 1 троя унциясы 3000 долларға дейін көтеріледі деген пікір батылырақ айтылып кетті. Қазіргі баға – 2 391 доллар.
Қоғам • 01 Мамыр, 2024
Қайырымдылық керуені толастар емес
Қызылжар өңіріне ағылған қайырымдылық керуені толастар емес. Су тартыла бастағанын білсе де, ағайын халықтың жағдайы әлі толықтай орнықпағанын біліп отыр. Міне, Жетісу өңірінен тағы да 40 тонна жүк жетті. Мұның бәрі – азық-түлік қана емес, күнделікті қажет басқа да заттар. Бұған дейін жетісулықтар еліміздің басқа да су басқан өңірлеріне 190 тонна жүк жіберген екен.