Таным • 29 Мамыр, 2020
Ғұламаның руханият жайлы трактаты табылды
2020 жылдың 29 қаңтарында ЮНЕСКО-ның қолдауымен ежелгі Отырардың (Фарабтың) ұлы перзенті Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы республикамызда үлкен салтанатпен басталды. Отырар арабтар жаулап алғаннан кейін Фараб атанып, ортағасырлық араб-мұсылман өркениетіне өлшеусіз үлес қосқан «әл-Фараби» («Фарабтық») ныспылы көптеген ғалымды өмірге әкелген киелі топырақ. Менің тарихи-деректанулық зерттеулерім Отырардан шыққан отыздан (30) астам әл-Фарабилердің болғанын анықтап отыр. Солардың ішіндегі бірегейі, ғылымның барлық саласына қалам тербеген энциклопедист ғалым, қазақ жерінің бірегей тұлғасы – Әбу Насыр әл-Фараби (870-950).
Пікір • 29 Мамыр, 2020
Өркениет өлшемі – білім мен ғылым
Ел Президенті құрған – Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мемлекетіміздің ішкі саясатын жаңа арнаға бұрды. Кеңесте айтылған идеялар халық сұранысымен үндестік тауып, коғам дамуының жаңа жолдарын көрсетті. Бүгінде Қазақстан халқы Ұлттық кеңестің әрбір отырысынан жаңа бір мәселелердің қозғалатынына және оны жүзеге асырудың жолдары қарастырылатынына сенім білдіруде. Бұл – мемлекет пен қоғамды жақындатудың және дамытудың саяси платформасы жасалды деген сөз.
Білім • 29 Мамыр, 2020
Үздіктерді шетел оқу орындары шақыруда
Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары үшін биылғы жыл зор жетістіктермен ерекшеленді.
Білім • 29 Мамыр, 2020
Білім ісі – жұрт ісі. Оны ұлт ісіне айналдыру керектігі әлімсақтан айтылып келеді. Ежелгі дәуір алыптарынан бастап, бүгінгі ғұламалар да оны жаңғыртуда. 1017 жылы өмірге келген Ж.Баласағұни: «Білсе білім – күнде бақыт кісіге, үлкен атақ содан келер кішіге», депті.
Сұхбат • 29 Мамыр, 2020
Досым СҮЛЕЕВ: «Дос-Мұқасан» тағдырыма әсер етті...
1970 жылдары «Дос-Мұқасанның» атағы жер жарып тұрғанын бүгінгі аға буын өкілдері жақсы біледі. Алайда Досым Сүлеев сол өнердің асқақ даңқын инемен құдық қазғандай мехнаты шексіз ғылым жолына айырбастауға шешім қабылдады. Ғылым мен өнер тәрізді бір-бірімен жолдары түйіспейтін қос саланы қос қанатына балаған ағамыз әңгіме барысында ғылымдағы жетістіктері, идеялары «Дос-Мұқасанның» көлеңкесінде қалса да, ешкімге ұқсамайтын тағдырына риза екенін айтады.