Білім ісі – жұрт ісі. Оны ұлт ісіне айналдыру керектігі әлімсақтан айтылып келеді. Ежелгі дәуір алыптарынан бастап, бүгінгі ғұламалар да оны жаңғыртуда. 1017 жылы өмірге келген Ж.Баласағұни: «Білсе білім – күнде бақыт кісіге, үлкен атақ содан келер кішіге», депті.

Ал Абай «Білмеген соқыр, қайғысыз отыр, тамағы тойса жатуға», дейді. Осы тәмсілге қарасаң дүниенің шамшырағы білім екенін аңғарасың. Бұған салғырт қараған, жеңіл табыс көзіне айналдырып келген пиғылы лас пақырлар, атын малданып, затына үңілмегендер көп зардап шекпей қоймаған. Зардабы сол – білімсіз жуан жұдырық, жуан білек, шапқын иесі.
Сол ұлт пен жұрттың алтын қазығы саналған мектептегі білім жүйесінің бір жылдық оқуын тәмамдап, індет ілмегінің кесірінен соңғы қоңырауды жаңа үлгіде өткіздік. Бұған мектеп түлектерінің көңілі пәс көрінгенімен, үкілеген үміттерінің қыран самғауындай екенін аңғарып қуандық.
Енді алдағы жаңа оқу жылының қам-қарекетіне, білім ісін баянды етуге үш ай бойы дайындық жасамақпыз. Жақында бір ойлы азамат ойланар ой айтты. Оның топшылауынша, әлемдік білім кеңістігі деп, әзірліксіз жалаулатқан реформаға тұспалымен ұмтылғандар түсініксіз тұңғиыққа қойып кетіп, білім беруді әлсіретіп алыппыз.
Бұл ой бір қарағанда негізсіз емес. Жасыратыны жоқ, жабайы капитализм қағидасы, нарық талабы деп барды қиратып алдық. Аз уақытта «Біреу бай, біреу төре, біреу жарлы» (Сұлтанмахмұт) дегендей, көгалда ойқастаған бай баласы мен қара топырақ басқан кедей баласы қалыптасты. Екеуі алакөздесіп те қалады. Тапқа жіктелу, бардың алдында бүгежектеу, жоққа осқырыну етек алып барады.
Кезінде бағдарламасы анық па, оқулығы қалай деместен, 12 жылдықты дайындықсыз бастап жіберіп, әлі жалғаумен келеміз. Болон үрдісіне байыппен қарайық, ҰБТ ұлт ұрпағын жүйелі ойлаудан қалдырып, тілден айырады, жаттандылыққа ұрындырады, деген зиялылар дабылына құлақ қоймадық. Үміт артқан, әділ сынақ түрі, әлемдік деп әспеттеген ҰБТ-ның шикілігі шығып жатыр. Оның зардабын ұрпақ тартып, енді кемшілігімен күресу жолында келеміз. Әрине, өтті, кетті деуге болар. Бірақ адам тағдырына, оның ішінде ұл мен қыздың өміріне жеңіл қарау – түптің түбінде опындырмай қоймайды.
Иә, білім саласын көтереміз, мұғалім беделін арттырамыз деп құнды құжаттар қабылдадық. Жақсы шаралар да қолға алынуда. Дегенмен, бір түйткіл көкейді түрте береді. Бір замандары аз халыққа көп жоғары оқу орнын аштық. Ондағы үміт артқанымыз бәсеке еді. Әйтсе де, бәсеке бәсін ақша басып, тіпті кейбіреулердің қоңданатын қорына айналып шыға келді. Аудан орталықтарында «институт» шаңырақ көтергенін қайтерсің. Кейін оның пайдасынан зияны көп болып, халықтың қалтасын қағып, миллиондап төлеген теңгесіне сай студент мамандық игермей, көк тиынға тұрғысыз қатырма қағаз ұстап қалды.
Қайталап еске салсақ, осы күні орта білім беруі ісі жөнінде талпыныс ерекше үрдіс алуда. Бұл жұмыс алдымен мемлекеттік білім беру мекемелерінің, онда қызмет ететін мұғалімдердің беделін арттыру ісі ерекше құптарлық. Шынында, мектеп пен мұғалім мәселесі – ел дамуындағы стратегиялық мәселе.
Биік ғимараттардың төменгі қабатынан ашылған оқу орталықтарынан көз сүрінеді. Бір уақытта саңырауқұлақтай қаптаған «ментальды арифметика» деген шығып, ата-ана балаларын соған оқытты. Қазір оның буы басылғандай. Жалпы, оқу орталықтарының жарнамасына қарасаң тілді үш айда үйретіп, пәндерді миыңа сәтінде құйып, өнерді санаңа санаулы айларда сіңіріп тастайды. Тек ақысын төлесең болды. Жүйесі бар, ісі ақшаға емес, ар жолында болғандар туралы әңгіме бөлек. Яғни білім орталықтарындағы оқу мәселесіне де терең сараптау керек тәрізді. Шынайы білім бере ме? Мұғалімі сауатты ма, әлде аузы жыбырлаған «өлі» үн әншілер сияқты алған ақшаларын ақтадық деген оймен оқушыға көтерме баға қойып, ата-аналардың сеніміне кіргендер ме?
Мұндай күдігі басым орталықтар мектеп пен мұғалімнің жұмысына абырой емес, кері әсерін тигізіп отырғанын да жоққа шығара алмаймыз. Себебі кейбір ата-ана балалары оқуға түссе оның жетістігін ең болмаса, әріп үйреткен мектеп мұғалімінің де үлесі бар демей, бәрі ақылы дайындаушылардікі дейді. Мұны да жоққа шығаруға болмас. Бірақ қалай десек те, мектеп сан салалы білім ұясы ғой. Егер мектептегі білім мен мұғалімнің беделін көтереміз десек, осыны да таразылау керек шығар.
Электронды сауда-саттық қайтсе дамиды?
Экономика • Кеше
Мемлекеттік қызметте әйелдердің үлесі қанша?
Қоғам • Кеше
Пандемия гүл нарығына әсер етті
Қазақстан • Кеше
Қаржы • Кеше
Қостанайлық полицей сыныптасын атып өлтірді
Аймақтар • Кеше
400 мыңнан астам ақмолалық электронды-цифрлық қолтаңба алды
Аймақтар • Кеше
Қаржы • Кеше
Түркістан облысында мереке қарсаңында үшем дүниеге келді
Аймақтар • Кеше
Алтай Көлгінов әйелдер күні мерекесімен құттықтады
Қазақстан • Кеше
Атырауда базарлар мен сауда үйлері күн сайын жұмыс істейді
Аймақтар • Кеше
Низами Ганжәуиге арналған веб-конференция өтеді
Қазақстан • Кеше
Президенттің таңғы серуендегі фотосы жарияланды
Президент • Кеше
Қызылордада Қажымұқан турнирі өтті
Спорт • Кеше
Шымкент қаласының әкімі әйелдер қауымын мерекемен құттықтады
Аймақтар • Кеше
Нұрлан Нығматулин 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Қазақстан • Кеше
Қостанайда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау орталығы ашылады
Аймақтар • Кеше
«Маттео Пеликоне»: Қазақстан үш алтын жеңіп алды
Күрес • Кеше
Мәулен Әшімбаев нәзік жандыларды мерекемен құттықтады
Қазақстан • Кеше
Елімізде коронавируспен ауырған 238 адамның жағдайы ауыр
Коронавирус • Кеше
Қазақстанда 480 адам коронавирустан айықты
Коронавирус • Кеше
Асқар Мамин қазақстандық әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Қазақстан • Кеше
Мемлекет басшысы әйелдер қауымын мерекесімен құттықтады
Президент • Кеше
10 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Қостанай облысының әкімі 100 жастан асқан әжелерді құттықтады
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Маңғыстауда стоматологиялық клиникаға шабуыл жасады
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Қазақстанның қай аймақтарында жолдар ашылды
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Жапония халқы Олимпиаданың өтуіне қарсы шеруге шықты
Әлем • 07 Наурыз, 2021
Елордалық спортшылар қарттар үйіндегі аналарды құттықтады
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Шымкентте тәртіп бұзған қоғамдық тамақтану орындары анықталды
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Атырауда шағын несие кеңсесінен 400 мың теңгені тонап кетті
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Нұр-Сұлтанда көпбалалы аналардың 5 қабаттан құлағаны рас па?
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
АҚШ-та COVID-19-қа қарсы 2,9 миллион вакцина салынды
Әлем • 07 Наурыз, 2021
Қызылордада 1000 отбасыға азық-түлік себеті таратылды
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Атыраулық оқушы АҚШ университетінің грантын иеленді
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Салғырт құрылыс компанияларын қара тізімге енгіземіз - Алтай Көлгінов
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Шетелден 307 азамат ПТР анықтамасыз ұшып келді
Қазақстан • 07 Наурыз, 2021
Спорт • 07 Наурыз, 2021
Қостанай қазақ театры көрермендерімен қайта қауышты
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Жансай Смағұлов күміс медальді иеленді
Спорт • 07 Наурыз, 2021
Пневмонияның 52 және 3 өлім жағдайы тіркелді
Қазақстан • 07 Наурыз, 2021
Елімізде 568 адам коронавирустан жазылып шықты
Коронавирус • 07 Наурыз, 2021
Елімізде бір тәулікте қанша адам вирус жұқтырды
Коронавирус • 07 Наурыз, 2021
Спорт • 06 Наурыз, 2021
Елімізде алғаш рет «Домалақ ана» операсы сахналанды
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
ШҚО аумағында шектеу шаралары 20 наурызға дейін ұзартылды
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Нұр-Сұлтанда 2000 мыңнан астам отбасыға азық-түлік себеті табысталады
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
СҚО полициясында 374 қыз-келіншек қызмет атқарады
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Қостанайлық «Тобыл» Қазақстан суперкубогын жеңіп алды
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Қазақстандық шорт-трекшілер әлем чемпионатында жартылай финалға шықты
Спорт • 06 Наурыз, 2021
Алматының ортасындағы көше опырылып қалды
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Елорда базарларында жұмыс істейтін әйелдерге еріктілер 600 гүл таратады
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Теңіз кенішіндегі бес автобус өртінің себебі анықталды
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Боксшылар әзірге төрт қола алды, тағы екеуі финалда
Спорт • 06 Наурыз, 2021
Тараз қаласында 135 отбасы баспаналы болды
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Жансай Смағұлов жүлдеге таласады
Спорт • 06 Наурыз, 2021
Алматының бас санитары Жандарбек Бекшин жаңа қаулыға қол қойды
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Экология министрлігі Қарағандыдағы арыстан жөнінде пікір білдірді
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
8 наурыз күні хоккейден балалар турнирі өтеді
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Елорданың Достық үйінде 8 наурызға орай қайырымдылық акциясы өтті
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Спорт • 06 Наурыз, 2021
Оралдық магистранттар қазақ әдебиетін оқиды
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Әлем елдеріндегі коронавирусқа қатысты ахуалға шолу
Әлем • 06 Наурыз, 2021
Қазақстан мен Қырғызстан «Қордай», «Ақ жол» өткізу бекеттерінің ашылуын талқылады
Қазақстан • 06 Наурыз, 2021
Қазақстанның қай өңірлері «сары» аймақта тұр
Қазақстан • 06 Наурыз, 2021
Ұқсас жаңалықтар