Қазақстан • 06 Мамыр, 2022
Биыл Қазақстан Қарулы Күштеріне 30 жыл толып отыр. Осы уақыт аралығында төл әскеріміздің жаңа келбеті қалыптасты. Егемен елмен бірге еңсерген ордалы отыз жыл жетістіксіз емес. Отан қорғаушылары тәуелсіздіктің сенімді тірегіне айналды.
Пікір • 06 Мамыр, 2022
Әділеттілік қағидаты салтанат құрады
Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында суперпрезиденттік модельден президенттік-парламенттік модельге ауысамыз деп айтты. Өйткені басқарудың дәл қазіргі моделі елімізде орын алған «Қаңтар қасіреті» секілді келеңсіздіктерге түрткі болды. Билік пен күштің бәрі бір адамның қолына шоғырланса, мемлекеттік механизмнің жұмысына теріс әсер етеді. Мұның бәрі халықаралық тәжірибеде дәлелденген дүние. Сондықтан Президенттің бұл қадамы құптауға тұрарлық. Мемлекет басшысы Жаңа Қазақстанда әділеттілік қағидаты салтанат құратынын да баса айтты.
Пікір • 06 Мамыр, 2022
Мемлекет басшысы еліміздің саяси өмірі үшін мәні зор шешім қабылдады. Президент ұсынысымен Конституцияның 33 бабына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жоспарланып, референдум жарияланды. Президенттің бұл ұсынысы елдегі саяси реформаларды іске асыруға жол ашады. Себебі халық елінің болашағы үшін маңызды мәселеде өз ой-пікірін айтуға құқылы.
Пікір • 06 Мамыр, 2022
2022 жыл – жаһандық саяси реформалар мен өзгерістер жылы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі кеңесте Екінші республиканың пайда болу процесін белгіледі. Ал заң жобасының белгіленген талаптарға сәйкестігін Конституциялық Кеңес қарады.
Қазақстан • 06 Мамыр, 2022
Қазір Жер-дүние көңіл көкжиегі жеткен адамға бір-ақ уыс. Оған жаңа технологиялардың жетістіктерімен де оңай көз жеткізе аласыз. Сондықтан қоғамға қатып-семген саяси догмаларды таңудың нәтижесіз екенін байқау қиын емес. Айталық, бір климатта тіршілік етіп, бір өзеннен су ішіп, бір топырақтан өнім алып отырған, алайда ортасын мемлекеттердің шекара сызығы бөліп тұрған ауылдар мен қалалардың даму деңгейі бір-бірінен алшақ. Яғни бірі ауқатты, бірі аш-жалаңаш. Бірінің қоғамында барлығының құқы тең қорғалады, енді бірінде зорлық-зомбылық үстемдік құрады. Бұл кереғарлық – басқару құрылымында, бұл алшақтық – қоғамдық санада болса керек.