Пікір • 06 Мамыр, 2022

Жаңа дәуір бастауы

528 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

2022 жыл – жаһандық саяси реформалар мен өзгерістер жылы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі кеңесте Екінші республиканың пайда болу процесін белгіледі. Ал заң жобасының белгіленген талаптарға сәйкестігін Конституциялық Кеңес қарады.

Жаңа дәуір бастауы

Инфографиканы жасаған Амангелді Қияс, «EQ»

Ел Президентінің «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттер мұқият, жедел, кәсіби әрі сауат­ты көзқарасты талап ететінін атап өткен жөн. Бастамаларды іске асырудың құқықтық және де­мократиялық мемлекетті одан әрі дамыту үшін базалық не­гіз­ге айналғаны маңызды. Расы­мен де саяси жүйені, әкім­шілік-аумақтық құрылымды өзгерту, жаңа экономиканы қалып­тастыру, «еститін» мемлекет құ­ру және тағы басқалар бо­йын­ша көп қырлы әрі нақты бағ­дарлама ұсынылды.

Биыл 4 мамырда Консти­ту­циялық Кеңес Ата Заңға түзе­тулер енгізу жобасы бойынша түзетулердің барлық тармағына қатысты оң қорытынды берді. Ұсы­нылған қорытындыда ішкі қайшылықтар мен проблемаларды шұғыл шешу, халықтың қа­жеттіліктерін қанағаттандыру үшін жағдай жасау көрсетілді. Ең бас­тысы, конституциялық рефор­маның бірінші тармағы супер­президенттік басқару моделінен кету туралы ереже болды.

Конституциялық рефор­ма қоғам мүддесі үшін жүргі­зіледі. Президенттің бұрын конс­ти­туциялық және заңнамалық тұр­ғыдан белгіленген мемлекетті бас­­қарудағы абсолютті үстем­дігінен өз еркімен бас тарту фак­тісінің өзі қазіргі Мемлекет бас­шысы­на құрмет пен сенім тудырады. Қ.Тоқаев мемлекеттік органдарды саясиландырмау мәселесіне ерекше назар аударып, Президенттің өз өкілеттігі кезеңінде партияға мүшелігін тоқ­тату міндетін, Орталық сай­лау комиссиясының, Есеп коми­теті­нің және Консти­туция­лық кеңестің төрағалары мен мүше­лерінің партиядан мін­детті түрде шығуы туралы ережені заңнамалық түрде ресімдеуді ұсынды.

Осы сындарлы ойды жал­ғас­тыра отырып, мына мәсе­леге тоқталғым келеді. Қазақ­стан­­дағы Парламенттің қос пала­­талы құрылымы таяу бола­шақ­қа қала­тынына байланыс­ты Пре­зи­­дент­тің Парламент депу­татта­рының, соның ішінде Сенат­тың са­нын қысқарту туралы ұсынысы өте орынды. Өйткені қазір тек се­на­торлар (47) Премьер-Министр­мен және оның орынбасарларымен бірге министрлерден екі есе көп.

Бұдан әрі азаматтарға Конс­ти­туциялық сотқа жүгінуге тікелей құқық беру оң болып саналды. Ол азаматтардың құқықтарын қор­ғауға конституциялық кепіл­діктің негізі болады. Ел азамат­тарына осындай құқық беру ха­лық­аралық тәжірибеде де кез­деседі әрі халықаралық стан­дарттарға сәйкес келеді. Оған мысал, Венеция комиссиясының Конституциялық сот төрелігіне жеке қолжетімділігі тура­лы есебінде азаматтардың конс­ти­ту­циялық шағымының Конс­ти­туциялық сотқа жалпы юрис­дикция соттарының алдын ала сұ­рауларымен үйлесуі адам құқық­тарын қорғау тұрғысынан ең толық әрі тиімді саналады. Ха­лық­аралық құқық қорғау құ­ры­­лым­дары мен көптеген мемле­­кет азаматтардың кон­­сти­­ту­циялық шағымдарын (Түр­кия, Ма­жарс­тан, Украина, Лит­ва және т.б. елдер) ен­гізу­­ге басымдық береді.

Соны­мен бірге Мемлекет бас­­шысы Конституция мәтініне жер мен оның жер қойнауын ха­лықтың меншігіне беруді көздейтін түзету енгізу туралы ұсынысқа бастамашы болды. Бұл ұсыныс – Тәуелсіз Қазақстанның жаңа дәуірінің пайда болуының айғағы. Себебі Конституциялық ке­ңестің қорытындысында: «Кон­с­титуциялық құнды­лық­тар­дың көпшілігі бүкіл конс­ти­ту­циялық кеңістіктің одан әрі демо­кратиялық эволюциясын тұрақ­тандыру үшін алғышарттар жасайды» деп атап өтілді.

Түзетулердің азаматтар үшін қосымша конституциялық кепіл­діктерін бекітуге, сондай-ақ олар­дың құқықтарын қорғау инс­ти­тутын күшейтуге бағыттал­ғанын ескере отырып, Мемлекет басшы­сының Конституцияға түзетулер енгізу бойынша Қазақ­станда референдум өткізу туралы бастамасы қолдау тапты. Республикалық референдумда дауыс беру арқылы елдің Негізгі Заңына өзгерістер енгізудің демократиялық әдісі неғұрлым тиімді болады.

 

Әсел ҚАЗБАЕВА,

Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» РМК директорының орынбасары,

заң ғылымдарының кандидаты

Соңғы жаңалықтар

Джеруто жолдама алды

Спорт • Бүгін, 09:25

14 боксшымыз – жеңімпаз

Бокс • Бүгін, 09:20

Көнеге қамқорлық

Мәдениет • Бүгін, 09:15

Жаңа аудан жаңаша аталса

Аймақтар • Бүгін, 09:10