Қазақстан • 05 Мамыр, 2022
Мәдениет және спорт министрлігінің «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы аясында «Дәуір» баспасынан шыққан «Әлем әзіл әңгімелер» атты аударма кітапқа шетелдік сатирик-юмористердің таңдамалы шағын туындылары топтастырылыпты.
Спорт • 05 Мамыр, 2022
Тәуелсіз еліміздің еркін күрес тарихында жеті жерлесіміз ғана Олимпия ойындарында жеңіс тұғырына көтерілді. Олардың бесеуі қолаға қол созса, екеуі күміс медальды иеленді. Финалға шыққан өрендеріміз жайында айтар болсақ, 2000 жылы Сиднейде Ислам Байрамуков және 2004 жылы Афинада Геннадий Лалиевтің асығы алшысынан түсті. Десек те Лалиевтің Оңтүстік Осетияның тумасы екенін жұрт жақсы біледі. Ал Байрамуков өзіміздің төл түлегіміз. Ол Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов атындағы ауданда дүниеге келді. Ислам қалың қазақтың арасында өсіп, үлкен өмірге жолдама алды.
Спорт • 05 Мамыр, 2022
Ертең Мажарстан астанасы – Будапештте велоспорттан бір жыл бедерінде ұйымдастырылатын ең маңызды үш жарыстың алғашқысы, яғни 113 жылдық тарихы бар «Джиро д’Италия» гранд-туры басталады. Үш аптаға жалғасатын биылғы велокөпкүндіктің кезеңдері Мажарстан, Словения және Италия тас жолдарында өтіп, 29 мамырда Веронадағы жекелей бәсекемен өз мәресіне жетеді. Биылғы додада әдеттегідей қазақстандық Astana Qazaqstan Team велоклубының спортшылары да бақ сынайды.
Қазақстан • 05 Мамыр, 2022
Орталық Азияның игілігіне айналды
«Қолжетімді Қазақстан» деп аталатын отандық стартап Орталық Азияда кең таралған алғашқы жаһандық цифрлы қоғамдық игілікке айналды. Осылайша, Astana Hub пен ЮНИСЕФ-тің бірлескен жобасы БҰҰ-ның ашық цифрлы қоғамдық игіліктерінің эксклюзивті тізіліміне қосылды.
Экология • 05 Мамыр, 2022
Атыраудың су айдындарында жыл сайын балық қырылу дерегі қайталанады. Соңғы бір аптада мұндай тосын жайт екі рет тіркеліп отыр.