Саясат • 06 Мамыр, 2021
Сервистік модельдің мүмкіндігі мен ерекшелігі
ІІМ әр аймақта жыл сайын кем дегенде 78 учаскелік полиция бекетін ашуды жоспарлап отыр. Бұл жөнінде «Полицияның сервистік моделін енгізу» тақырыбы аясында онлайн режімде өткен брифинг барысында ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк мәлімдеді.
Қоғам • 06 Мамыр, 2021
Жыл сайын Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаңында бір қария ойыма оралады. Жасы сексенге қараған шағында дүниеден өткен көкемізді ауыл-аймақ түгел Қалдық деп атайтын. Тек өмірден өткен соң ғана өзінің ата-анасы азан шақырып қойған аты мәлім болды.
Тарих • 06 Мамыр, 2021
Ұлы Отан соғысының қаһарманы, аты аңызға айналған ұшқыш Байтұрсын Есіркеповті былайғы ел біле бермейді. Қолдағы құжаттарға сүйенсек, ержүрек жауынгер, гвардия капитаны 1917 жылы Алматы облысы Талдықорған ауданының Талдыарық ауылында туған екен. Майдан кезінде ол бүйірінде «Советтік Қазақстан үшін» деген жазуы бар ПЕ-2 бомбылаушы ұшағын басқарса, оның штурманы Кадес Имашев, атқыш-радисті Төлебай Тажиев деген азаматтар болыпты.
Қазақстан • 06 Мамыр, 2021
Болашақты бейнелейтін NUR ALEM
Қазақстанның Тұңғыш Президенті − Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен осыдан төрт жыл бұрын елордада «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі дүркіреп өтті. Дүниежүзілік деңгейде ұйымдастырылған айтулы іс-шараға 115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйым қатысып, оны 4 млн адам тамашалады. Жалпақ әлем назар аударған көрмеде жаңашыл ғылыми-техникалық жетістіктермен бірге соған қатысушы елдердің тарихы мен салт-дәстүрі, мазмұнды мәдениеті көрсетілді.
Руханият • 06 Мамыр, 2021
«Алла» деген жазуы бар жұмыртқа
Жуырда Жымпиты ауылында тылсым оқиға орын алды. Қарасу шағын ауданында тұратын Нұрғазы Қыстаубаев ауласындағы тауық жұмыртқаларының бірінен араб тіліндегі «Алла» деген жазуды байқаған.