Қазақстан • 28 Мамыр, 2020
Цифрлық даму, инновациялар аэроғарыш өнеркәсібі министрі А.Қ. Жұмағалиев Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес бейнеконференция байланысы арқылы Алматы облысының цифрлардыру барысы мен «ақылды қалалар» эталон стандартарын дамыту және жүзеге асыру бойынша ұсыныстарды талқылауға арналған жиналыс өткізді.
Руханият • 28 Мамыр, 2020
Жуырда Ш.Есенов атындағы КМТИУ және Абай атындағы ҚазҰПУ ұйымдастыруымен ақын Төлеген Айбергеновтің шығармашылығына арналған «О, адамдар, біргемін мен сендермен!» атты әдеби танымдық кеш өтті. Кешке ақынның қызы ф.ғ.к., доцент Салтанат Айбергенова қатысып, естеліктерімен бөлісті. Белгілі актер Б.Есенәлиев ақын өлеңдерін оқыды, танымал әншілер С.Жанпейісова, Г.Сарина, Ә.Бекарыстанов, Ә.Өміров, А.Көшеров ақын өлеңдеріне жазылған әндерді орындады, Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры Алпысбай Тамаев, Нөкіс университетінің оқытушысы Ә.Найзабаев Төлеген шығармашылығына ғылыми талдау жасады. Ш.Есенов атындағы КМТИУ докторанты Б.Жайлау арнау өлең оқыды. Кеш соңында студент-жастар Т.Айбергенов өлеңдерінен көркем сөз оқыды. Тікелей эфирде Қырғызстаннан, Өзбекстаннан, Қазақстанның түкпір-түкпірінен ғылым мен мәдениет саласы өкілдері қатысып, әсерлерімен бөлісіп отырды.
Аймақтар • 28 Мамыр, 2020
Гүлшара Әбдіқалықова жұмыс сапарымен Жаңақорған ауданында болды
Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың жұмыс сапары Жаңақорған ауданында жалғасты. Ауданда 2018-2019 жылдар аралығында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 4 нысан пайдалануға берілген. Биыл оннан астам нысанның ел игілігіне берілуі жоспарлануда.
Аймақтар • 28 Мамыр, 2020
Ертіс-Успен жасанды су каналы іске қосылады
Өңірдегі Павлодар ауданының шаруашылықтары жыл сайын картоп пен сәбіз өсіреді. Жергілікті нарық пен өзге өңірлерді өніммен тұрақты түрде қамтып келеді. Судан әкімдігінің мәліметінше, картоп мен сәбіздің бұдан көп мол өнім беруіне қазіргі уақытта қайта қалпына келтіріліп жатқан Ертіс-Успен жасанды су арнасы көмекке келмек.
Президент • 28 Мамыр, 2020
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.