Технология • 04 Мамыр, 2021
Көлік саудасындағы алаяқтықты азайтады
1 сәуірден бастап «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, ел аумағында «Көлік құралдарының электронды паспорты» ұлттық жүйесін іске қосты.
Өнер • 04 Мамыр, 2021
Астанаға көктем асықпай келеді. Содан ба, біз оны әр жерден іздейміз. Найзағай жарқылынан, күннің күркірінен, жапырақ сыбдырынан, бұлақтың былдырынан, ұйытқып соққан желден, тіпті сұлудың жанарынан да. Оның бір кереметі, келмей жатып бізді жастық шақтың үздігіп жеткен әдемі әуеніндей еміндіріп қояды. Сол сәтте қалғып кеткен қамсыз сезімдерге жан бітіп, ұйқылы-ояу көңілді сілкіп-сілкіп алса ғой дейсің іштей. Сосын сезім шақпағынан ұшқын болып шашырап бірте-бірте алауға айналған сағыныш түстері не өлеңге, не картинаға айналса...
Оқиға • 04 Мамыр, 2021
Елордада даңқты балуан Қажымұқан Мұңайтпасұлының туғанына 150 жыл толуына орай «Күш атасы – Қажымұқан» атты тақырыпта музей сабағы өтті.
Руханият • 04 Мамыр, 2021
«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі ұйымдастырған «Ясауи ізімен» ғылыми-танымдық экспедициясы Қызылорда облысының Жаңақорған ауданы аумағында жатқан Қожа Ахмет Ясауидің туған ағасы Садыр шайық және аталған өңірге белгілі тұлғалардың кесенелеріне зиярат жасап, дерек жинады.
Пікір • 04 Мамыр, 2021
«Жеріңнің аты – еліңнің хаты» дегенмен...
«Сырт көз – сыншы» ғой, Омбы қаласында тұратын бір ағайын бертінде жеңіл көлігімен Петропавлға келе жатып, жолшыбай кездескен елді мекендердің атауларына назар аударғанда жағасын ұстағанын айтқаны бар. Сөйтсе Омбыдан Қазақстанның мемлекеттік шекарасына жеткенше қазақ тіліндегі көне атаулар жиі кездесіп, біздің елдің аумағына өткенде Булаево, Полудино, Николаевка, Явленка, Заречное, Новоникольское болып, жалғаса берген екен.