Астанаға көктем асықпай келеді. Содан ба, біз оны әр жерден іздейміз. Найзағай жарқылынан, күннің күркірінен, жапырақ сыбдырынан, бұлақтың былдырынан, ұйытқып соққан желден, тіпті сұлудың жанарынан да. Оның бір кереметі, келмей жатып бізді жастық шақтың үздігіп жеткен әдемі әуеніндей еміндіріп қояды. Сол сәтте қалғып кеткен қамсыз сезімдерге жан бітіп, ұйқылы-ояу көңілді сілкіп-сілкіп алса ғой дейсің іштей. Сосын сезім шақпағынан ұшқын болып шашырап бірте-бірте алауға айналған сағыныш түстері не өлеңге, не картинаға айналса...

Жер-анаға деген перзенттік борышын әртүрлі бояу пернесінен іздеп, өзінің көктеміне мәңгілік ескерткіш орнатқан бұл қай суретші дейсіз ғой?! Белгілі қылқалам шебері Бахытнұр Бүрдесбеков. Біз бүгін кейіпкеріміздің «Көктем» туындысынан алған әсерімізді өз биігімізде сөйлетеміз.
Суретшінің шеберлігі, әсіресе, табиғатпен тілдескенде анық сезіледі. Ол жылдың қай мезгілінен болсын, көз тояттайтын көрік, құлақ құрышын қандыратын күй таба біледі. Тауып қана қоймайды, сол көрініс, сол музыканы жаратылыстың өз қаламымен, өз әуенімен қайта жазып шығады. Оны оқып отырып, сезімтал оқырман суреттің атына қарамай-ақ, автордың қай мезгілді, қандай құбылысты суреттеп отырғанын ұға қояды.
Мұндағы табиғилық – бояу табиғилығы. Суретші бұл тұста салмақты сан алуан бояуға салған да, картинаның идеялық жүгін соған көтерткен. Қою түстер мен ашық түстердің айқасы адамзатты өзіне шақырып тұрғандай. Өйткені, онда қоп-қоңыр ауыл бар.
Пейзаж реалистік өнердің кең таралған жанры саналады. Көктемге оралғандай, әрбір суретші оған ауық-ауық оралып тұрады. Дегенмен де өзін тек осы жанрға арнаған суретшілер де бар. Әйтсе де автор соғыс, портрет, пейзаж сынды әртүрлі жанрларда жазып, жазып қана қоймай өз қолтаңбасын қалдырып келеді. Ол үнемі шығармашылығында ұлттық ерекшелікті бейнелеп, қазақ аспаны мен даласын жырлайды.
«Көктем» картинасы пейзаж кескіндемесіне жатады. Суретші көктемнің ауылға келуін бейнелеген. Біз аса биік емес дөңдердің етегіндегі ағаштардың арасындағы сыланған үйді көріп тұрмыз. Бір түстің екінші түске жайлап өтуі айналада керемет үйлесімді жағдай тудырады. Картинадан салқын самал мен көріктілік сезіледі. Суретші пішінді стильдеп, картинаның бояу шешімін тартымды етіп жасаған.
Бірде көктемгі даланың қызыл да жасыл гүлдеріне құмарта қарайды. Бірде сандуғаштың құйқылжыған сиқырлы әнін еліте тыңдайды. Бірде балауса шалғынның жұпар иісін құныға жұтады. Әдемі сурет табиғат іспеттес. Адам оны бүкіл болмысымен сіңіреді. Бұл картина – суретшінің өзі. Ал ақын болса қалай жырлайтын еді? Мысалы, Есенғали Раушанов:
Көктем кешiктi.
Көңiл жабырқау. Көктайғақ.
Көше талдары көкке
қол жайған көп бейбақ.
Көп керек емес
Алматыға да, маған да,
Сәл ғана мейiрiм,
аз ғана шуақ жетпейдi-ақ.
Біз де, сіз де осы көктемнен бір мейірім іздеп тұрамыз. Осы көктемнен ғана...
Құқықтық мемлекетте біліксіз заңгерлерге орын жоқ
Қазақстан • Бүгін, 00:35
Демократияға бастайтын тура жол
Референдум-2022 • Бүгін, 00:31
Экономика қайтсе еңсе тіктейді?
Экономика • Бүгін, 00:31
Тозған жылу электр орталықтарын жаңғыртсақ игі
Қазақстан • Бүгін, 00:03
Банк операцияларын реттейтін платформа
Қаржы • Кеше
Президент саябағына сакура егілді
Қоғам • Кеше
Экономика • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Қоғамды үлкен өзгерістер күтіп тұр
Референдум-2022 • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен кездесті
Президент • Кеше
Ахаң жайлы айтады ел қызықты аңыз
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Басты талап – әділ шешім қабылдау
Қоғам • Кеше
Қаржы пирамидасы: қауіп пен қатер
Қоғам • Кеше
Білім • Кеше
Орталық Азияда жоғары білім аймағы құрылады
Білім • Кеше
Өнер • Кеше
«Қасым хан» көрерменін қуанта ала ма?
Кино • Кеше
Аймақтар • Кеше
Қазақстан • Кеше
Өнер • Кеше
Криптовалюта: Тәуекелі жоғары, болашағы бұлыңғыр
Қаржы • Кеше
Бес боксшымыз – жартылай финалда
Спорт • Кеше
Әдебиет • Кеше
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтанда бүлдіршіндер балабақшадан қашып кеткен
Қоғам • Кеше
«Атырау-Ақпарат» медиасеріктестігіне жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Каспий теңізіне үш адам батып кеткен
Аймақтар • Кеше
Елордада құрылыс алаңында жұмысшы қайтыс болды
Қоғам • Кеше
Атырауда бекіре аулаған браконьерлер ұсталды
Аймақтар • Кеше
Тимофей Скатов кезекті турнирді жеңіспен бастады
Теннис • Кеше
Текелі лай көшкінінен тазартылып жатыр
Аймақтар • Кеше
Қаңтар оқиғасы кезінде дүкен тонаған жігіт сотталды
Қоғам • Кеше
Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ұқсас жаңалықтар