Өнер • 27 Мамыр, 2021
Бұл жай қолдар емес, құдайшыл қолдар. Алақанын бір-біріне қабыстырған пенденің Тәңірмен тілдескен сәті. Шынайы сенім. Әйгілі картина ренессанс дәуірінің көрнекті шебері Альбрехт Дюрердің ең танымал туындыларының бірі.
Өнер • 27 Мамыр, 2021
29 және 30 мамырда «Астана Опера» театрының жетекші солисі Мейір Байнеш алғаш рет Ж.Бизенің «Кармен» операсындағы Дон Хозенің партиясында Үлкен зал сахнасына шығады.
Қоғам • 27 Мамыр, 2021
Алыстан Алаш десе, аттанамын...
Иә, Алаш десе кеудені мақтаныш керней ме, қанатын қомдаған бүркіттей арқалана қаламыз. Өйтпегенде ше, Алаш мемлекетін құрамыз деп бастарын бәйгеге тігіп, тәуелсіздік жолында құрбан болған бабалардың батырлығы ұмытылмайды. Кеше облыстық Өнер музейі «Алаш арыстары» атты көрме ұйымдастырды.
Экология • 27 Мамыр, 2021
Қалдықты кәдеге жаратудың жолы
Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі тұрмыстық қалдықты энергетикалық мақсатта кәдеге жарататын кәсіпорындардың құрылысына байланысты жоспарын ұсынды. Ведомствоның ақпаратына сәйкес, биыл Қазақстанның төрт өңірінде қалдықты бөліп жинауға арналған 7 230 контейнер орнатылып, қуаттылығы жылына 300 мың тонна болатын 3 қоқыс сұрыптау кешені іске қосылады.
Қоғам • 27 Мамыр, 2021
Ор қазғандарға айыппұл салынады. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган қоршаған ортаға залал келтіру фактісін анықтап, қажетті материалдарды жинау мен талдау жүргізеді. Сондай-ақ келтірілген залалға экономикалық бағалауды белгілейді және тұлғаларды әкімшілік немесе қылмыстық жауапқа тарту туралы материалдарды тиісті органдарға жолдайды. Қоршаған ортаға келтірілген шығын құнының мөлшеріне байланысты Қылмыстық кодекстің 333-бабына сәйкес, қылмыстық жауапкершілікке тарту көзделген.