Спорт • 27 Мамыр, 2019
Алматыдағы «Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплиндері кешенінде қазақ күресінің бір тармағы – белдесуден республикалық турнир өтті. Аталған спорт түрінен бақ сынауға Қазақстанның барлық аймағынан 1000-ға жуық балуан келді.
Қоғам • 27 Мамыр, 2019
Балалардың жарақаттануының алдын алу апталығы өтіп жатыр
Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында елімізде бір аптаға созылатын шаралар легі басталды. 26-31 мамыр аралығында БҰҰ-ның Балалар Қоры (ЮНИСЕФ) ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығымен бірге балалардың жарақаттануын алдын алу апталығын өткізіп отыр.
Аймақтар • 27 Мамыр, 2019
Қожа Ахмет Ясауи кесенесі маңынан табылған адам сүйектері басқа жерге жерленеді
Осыдан бір ай бұрын әлеуметтік желілерде тосындау бейнежазба жарияланып, жұрт арасында түрлі пікір туындаған болатын. Иә, Түркістанда басталып жатқан құрылыстың іргетасы үшін шұңқыр қазу кезінде адамның сүйектері табылған.
Үкімет • 27 Мамыр, 2019
Асқар Мамин елордада ірі көлік жобаларының құрылысы барысымен танысты
Кеше Премьер-Министр Асқар Мамин жұмыс барысымен елорданы аралады. Онда ол Нұр-Сұлтан қаласының Оңтүстік–Батыс жаңа айналма автомагистралінің және ЖРТ желісінің құрылысын тексерді. Аталған жобалар елорданың орнықты көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында іске асырылып жатыр. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 27 Мамыр, 2019
Шымкентте алғаш рет «Otbasy Fest» фестивалі өтті
Шымкент қаласы отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының ұйытқы болуымен үшінші мегаполисте алғаш рет екі күнге жалғасқан «OTBASY FEST» атты әлеуметтік және қайырымдылық фестивалі өтті. Шараға қалалық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқарманың басшысы Жандос Қалтаев қатысып, игілікті шараға сәттілік тіледі.