Руханият • 06 Мамыр, 2020
Батырын ұлықтау – ұрпақ парызы
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде армия қатарына 1 млн 366 мыңдай қазақстандық аттанды деген дерек бар. Алайда оқ бораған майданнан қайтып оралмағаны қаншама. Туған жердің топырағы бұйырмай, сұрапыл соғыста хабар-ошарсыз кеткендердің бірі – Қалманбет Әуелбеков.
Қоғам • 06 Мамыр, 2020
Соғыстан да, еңбектен де ордені бар
Қарасай ауданы бойынша қазір сегіз Ұлы Отан соғысының ардагері Жеңістің 75 жылдығына аман-есен жетіп отыр. Солардың бірі – Ыдырысов Чайке қария.
Руханият • 06 Мамыр, 2020
Екінші дүниежүзілік соғыста қаһармандық көрсеткен батырларымыз жетерлік. Соның бірі – Қожамсейіт Шаяхметұлы. Ол соғыста ерлігімен көзге түсіп, Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылса да, өзіне берілуі тиіс бұл наградаға қол жеткізе алмаған.
Қоғам • 06 Мамыр, 2020
Жуырда Мәдениет және спорт министрлігі ерекше конкурс жариялап, оның мәтіні 20 сәуір күнгі «Егеменде» жарияланды. Конкурстың мақсаты Қазақстанның архивтерінде жатқан барлық құжатты цифрландыру, яғни бәрін сканерден өткізіп, «Цифрлы фабрика» жасау екен. Сөйтіп 1,6 млрд бет көлеміндегі ұлттық мұрағат қорын түгел цифрландыру жоспарланған. Оны іске асыру үшін қайда барсаң қате болмайтын «мемлекет пен жекешенің әріптестігі» делінетін сөз алға тартылып, осы аттас ЖШС құрылмақшы. Ал оның шығынына 96 млрд. 120 млн теңге бөлу қарастырылған. Бұл бұрын-соңды архив саласының түсіне кірмеген қаражат екені көрініп тұр.
Таным • 06 Мамыр, 2020
Дәулеткерей өмірбаянына дәлдік керек
Ұлт ұлыларды тудыратын болса, ұлылар ұлт рухын асқақтатады.Бүкіл қазақ ұлты есімін ардақтаған сондай ұлылардың бірі – биыл туғанына 200 жыл толып отырған атақты күйші-композитор Дәулеткерей Шығайұлы. Лирикалық күй жанрының негізін салушы Дәулеткерейдің атақ-даңқы тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл дүниежүзіне белгілі.