Аймақтар • 28 Мамыр, 2020
Бұдан былайғы уақытта малсақ қауым төскейді төрт түлікке толтыру үшін ғылымға мойын бұру қажет. Ендігі арада бұрынғыдай «сен салар да, мен салар» көзқараспен бағымдағы малдың санын көбейте алмайтынымыз белгілі болып отыр.
Қоғам • 28 Мамыр, 2020
Адамзат талай індеттен екпе арқылы құтылған
Бүгінгі таңда медицина қызметкері үшін инфекциялар мен вакциналаудан келетін қауіптерді түсіну, салыстыру және мұны пациенттер мен ата-аналарына түсіндіре білу аса маңызды болып отыр.
Медицина • 28 Мамыр, 2020
Жатыр мойны обырының алдын алады
Статистикаға сүйенсек, Қазақстанда 15 жыл ішінде жатыр мойны обырына шалдығу көрсеткіші 22%-ға өскен. Былтыр 1830 әйел жатыр мойны обырына шалдықса, 600 әйел осы дерттен қайтыс болыпты. Яғни елімізде күн сайын екі әйел жатыр мойны обырынан көз жұмады екен. Ал аталған дертке шалдығушылардың орташа жасы – 40-45 жас. Бұл негізінен репродуктивті жастағы әйелдер.
Тарих • 28 Мамыр, 2020
Адамзат тарихының ақтаңдақ тұсы аз болмағанымен, жекелеген адамдардың мемлекет тарапынан жаппай репрессияға ұшырауына Кеңес Одағының саяси билігі ғана жол бергені анық. Ал қазіргі шежіре «Қызыл террор» атаған сол кезеңнің зардабынан жойылуға шақ қалған тұтас ұлттардың көш басында қазақтың тұрғаны тағы шындық.
Аймақтар • 28 Мамыр, 2020
Теңіз кенішіндегі 90% жұмысшыда індет симптомсыз болған
Атырауда дәл бұлай болар деп кім ойлаған? Қазір бұл өңірде жаһан жұрты шоқ басқандай үрейленіп, атын айтуға қорқатын қауіпті індет өршіп тұр. Әсіресе мол мұнайымен әлемге әйгіленген Теңіз кенішінде тіркелуі тоқтар емес. Өңірлік жедел штабтың дерегіне сүйенсек, 26 мамырда Атырауда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 923 адамға жетті. Оның ішінде 809 пациент – Теңіз кенішінің жұмысшылары. Ал Атырау қаласында – 75, Жылыой ауданында – 17, Құрманғазыда – 8, Мақатта – 7, Исатайда – 5, Махамбетте – 1 және Индер ауданында 1 дерек тіркелген. Науқастардың арасынан әзірге 233 адам ғана қауіпті індеттен жазылып шыққан.