Аймақтар • 05 Мамыр, 2020
Түркістан: Мақтаарал ауданында 845 тұрғын үйді, 7639 гектар егістік жерді су басқан
Түркістан облысы Мақтаарал ауданында орын алған төтенше жағдай салдарынан бүгінгі таңға, алдын ала есептеулер бойынша, жалпы 845 тұрғын үйді, 3 мектеп, 5 бала-бақша, 4 медицина нысандары мен мәдениет үйін, 10 дүкенді су басқан. Жеңіс ауылындағы көпірді және республикалық, облыстық, аудандық маңызы бар 54,7 шақырым автожолдарды су шайды.
Аймақтар • 05 Мамыр, 2020
Жамбыл облысы: Аудан әкімдеріне айтылған сын аз емес
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев аудан әкімдерімен бейнеселекторлық жиын өткізіп, жиын барысында коронавирусқа қарсы күрес, көктемгі дала жұмыстары, азық-түлік тауарларының бағасын реттеу және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыруға қатысты бірқатар мәселелер талқыланды. Коронавирус індетімен күрестен бөлек, өңірде күннен-күнге бағалар біртіндеп өсіп, Үкімет белгілеген шекті деңгейден асқандығы да айтылды. Аудандардағы жағдай біршама басқаша. Дегенмен, сиыр еті, тауық еті, сүт, пияз, картоптың құны бойынша айтарлықтай өсім орын алған.
Парламент • 05 Мамыр, 2020
Мәжілісмендер бір күндік жалақысын аударды
Мәжілісмендер бір күндік жалақысын Мақтааралда зардап шеккендерге көмек қорына аударды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
Аймақтар • 05 Мамыр, 2020
Атырау: Тәуелсіздік құрдастары көп балалы отбасы үшін үй салып жатыр
Жылыой ауданы – Атыраудағы өнеркәсіпті ауданның бірі. Мұнда 121 жыл бұрын Қарашүңгіл кен орнынан қазақ мұнайының алғашқы тамшысы алынған еді. Қазір бұл ауданның аумағында көмірсутекті қорының молдығымен әлемге танымал болған Теңіз кен орны да бар.
Аймақтар • 05 Мамыр, 2020
Мақтаарал тұрғындарына өтемақы беріледі - Өмірзақ Шөкеев
Бұл туралы Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеев Үкімет отырысында айтты.