Парламент • 26 Мамыр, 2017
Қазақстан Парламенті Мәжілісінің ұйымдастыруымен «Орталық Азиядағы ынтымақтастық пен өңірлік қауіпсіздікті заңнамалық қамтамасыз етудегі парламенттердің рөлі» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел отырысы өтті.
Қазақстан • 26 Мамыр, 2017
«Қонақ аз отырып, көп сынайды»
ЭКСПО-2017 көрмесі кезінде бұл сөздің маңыздылығы барынша арта түспек
Білім • 26 Мамыр, 2017
Кеше кең-байтақ Отанымыздың барлық өңірлеріндегі білім ұяларында күміс қоңыраудың сыңғыры естіліп, жұртшылық түлектерге сәт сапар тіледі. Он бірінші сыныпты бітірушілер өмірге жолдама алып жатса, мектеп табалдырығын өткен жылы алғаш аттаған бүлдіршіндер бір сатыға көтеріліп, ата-ананың, ұстаздар қауымының көз қуанышына айналды.
Аймақтар • 26 Мамыр, 2017
Ақтаудағы зияткерлік мектеп алғашқы түлектерін ұшырды
Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 619 оқушыға соңғы қоңырау сыңғырлады. Ол білім ордасынан алғашқы рет ұшып шыққан 87 түлекке арналды. Салтанатты шараға Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов қатысты.
Аймақтар • 26 Мамыр, 2017
Ақтауда «Мейірбике» медициналық колледжінің жаңа ғимараты бой көтерді
Ақтау қаласындағы 35 шағын ауданда орналасқан «Мейірбике» Медициналық колледжі мемлекеттік қолдаудың арқасында бой көтерді деуге болады. Бұл кешенде 250 студентке шақталған колледж бен медициналық орталық бірге орналасқан.