Аймақтар • 05 Мамыр, 2020
Қала көркі – сапалы инфрақұрылым
Жетекші елдердің экономикалық әлеуеті көбіне ірі мегаполистерде шоғырланған. Әлемдік ішкі жалпы өнімнің 70 пайыздан астамы да жаһандық қалаларда түзіледі. Ал Қазақстанда миллионнан астам тұрғыны бар қалалардың инфрақұрылымы кәсіпорындар мен тұрғындардың жедел өсіп келе жатқан сұранысына сай келмей тұр. Әсіресе автожолдар заман талабына сәйкес келмеді. Олай болса ендігі жұмыс – өңірлік және қалалық инфрақұрылымды жүйелі түрде дамыту. Осыған орай биыл Шымкентте жол жөндеу жұмыстарына қазынадан 25 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. Жергілікті әкімдік қазына қазанынан алынған қаражаттың есебінен қаладағы автожолдар мен ішкі орамдық көшелердің жыртығын жамап, жол салынбаған жерлерге жаңасын төсейді.
Қоғам • 05 Мамыр, 2020
Дауасыз дерттің дүрбелеңі басылмай тұрған қазіргі уақытта жұрттың дау-дамайға бой алдырмай, барынша ымырашыл болғаны маңызды. Десе де былайғы күнде бір-біріне дес бермей, басынан дауы арылмай жүргендердің қарасы қысылтаяң шақта да сейілер емес. Ондайларға орайы келіп, соттың онлайнға көшкені оңды болды.
Саясат • 05 Мамыр, 2020
Былайғы күнде де парамен былғанғандары аздай, қазіргі сын сағатта пайда тауып қалғысы келетін сұғанақ қолдылар кездесіп жатыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төтенше жағдайды оңай олжаның төте жолындай көріп, карантин кезінде «кедергісіз қозғалысты» қамтамасыз еткендерді әшкереледі.
Қоғам • 05 Мамыр, 2020
Қызыл күреңнің күрмеуі шешіле ме?
Торғай ауылының тұрғыны Жарасбай Мұқатов бір жарым жыл бұрын ұрланып, кейін табылған жылқысына күні бүгінге дейін қол жеткізе алмай жүр. «2018 жылғы 10 қараша күні биемді балам іздеп тапты. Қалам-Қарасу ауылының тұрғыны Дүйсенбай Қойбағаровтың 17 бас жылқысының ішінде жүр екен. Ауылдан хабарың бар ма, жоқ па, біз жақта үйірді адамның орнына айғыр бағады. Қызыл күрең төбелімді бөтен айғыр өз үйіріне қосып алыпты. Енді Д.Қойбағаров өзімдікі деп жылқыны бермей отыр» деген қария полицияға да, прокуратураға да шағымданғанын, бірақ әлі күнге дейін еш нәтиже болмағанын айтты. Әдетте ауыл арасында оп-оңай шешіле салатын болмашы ғана дау асқынып, күрмеуі қиын мәселеге айналды.
Аймақтар • 05 Мамыр, 2020
Фермаларда кадрдың қадірі артып тұр
Кеңестік кезеңде арнаулы және жоғары оқу орындарын бітірген ауылшаруашылық мамандары салалық құрылымдарға жолдама бойынша жіберілетін. Сондықтан да социалистік жүйе бойынша құрылған совхоздар мен колхоздар зоотехник-селекционер, ветеринар, агроном, инженер-механик секілді мамандардан аса бір зәрулік көре қоймайтын.