Руханият • 27 Мамыр, 2019
Ербол Шаймерденов атындағы аудитория ашылды
Саналы ғұмырын Қазақстан баспасөзі мен мәдениетіне, тіл саласының өркен жаюына арнаған белгілі ақын, публицист Ербол Шаймерденов тәуелсіздік кезеңінің куәгері ғана емес, жаңа заманды өз қолымен жасауға қатысқан ұлт руханиятының қайраткерлері қатарында есімі ұмытылмақ емес.
Сайлау • 27 Мамыр, 2019
Үгіт-насихат жұмыстарының екінші аптасы аяқталды
Елімізде сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарының екінші аптасы қорытындыланды. Бұл апта айтарлықтай іс-шаралармен есте қалып, кандидаттардың бағдарламасына жан-жақты қаныққан жұрттың қатары арта түсті.
Қоғам • 27 Мамыр, 2019
Бүгінде еліміздегі жоғары білім беру жүйесінде күрделі реформалар жүзеге асырылып, оқу үрдісіне жаңашылдықтар енгізілуде. Әлем санасатын, халықаралық аренаға еркін кіріге алатын мықты кадрлар дайындау қажеттілігі күн тәртібіне шықты. Осы тұста еліміздегі екінші білім ордасы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің жаһандық бәсекелестіктің жаңа деңгейіне көтерілу жолындағы мақсат-міндетті орындауға күш салып келе жатқанын айта кету керек. Қазіргі таңда ҚарМУ қарым-қабілеті, білім-біліктілігі терең, ағылшын тілін еркін меңгерген, әлемдік деңгейде ой қорыта алатын жас ғалымдар қатарын арттыру мақсатымен біршама ауқымды жұмыстарды еңсеру үстінде.
Аймақтар • 27 Мамыр, 2019
Ауыл тұрғындары ашынғаннан айтады
Ақмола облысының Целиноград ауданындағы Кеңес ауылы байырғы елді мекеннің бірі еді. Кезіндегі шаруашылығы шалқыған Романовка кеңшарының бөлімшесі болатын. Кейіннен ауыл адамдары түрлі себептермен жан-жаққа қоныс аударып, көпшілігі Романовкаға көшіп алған. Астанадан 40 шақырым жердегі бұл ауыл қазір Рақымжан Қошқарбаев ауылы болып аталады. Кеңес пен Қошқарбаев ауылының жанынан Нұра өзені ағып жатыр.
Қоғам • 27 Мамыр, 2019
Тәрбие оңалмай, білім оңалмайды
Негізінде бала тәрбиені отбасынан, ал білімді мектептен алуы керек. Қазіргі заманның бір ерекшелігі, отбасылар жағдайында әркелкілік сезіледі. Біреу кедей, біреу бай, енді біреулер орташа тұрмыста.