Саясат • 31 Мамыр, 2019
Ынтымақтастыққа қуатты серпін береді
Бүгін астанамызға Еуропалық Кеңестің Президенті Дональд Туск ресми сапармен келді. Ол елімізге жасаған сапары барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен және Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен келіссөздер өткізеді.
Руханият • 31 Мамыр, 2019
Алматы ашаршылық құрбандарын еске алды
Екі жыл бұрын Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Алматының орталығында ашаршылық құрбандарына ескерткіш ашылып, онда қазақ халқының ауыр қайғысы әбден әлсіреген баласын кеудесіне қысқан ана бейнесі арқылы көрсетілген еді. Бүгін алматылықтар Қарағайлы скверіне келіп, 1931-1933 жылғы ашаршылық құрбандарына тағзым етіп, ескерткішке гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.
Спорт • 31 Мамыр, 2019
Алматыда жеңіл атлеттердің жарысы аяқталды
Алматыда Үндістан, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Қазақстан жеңіл атлеттерінің қатысуымен өткен Eurasian Athletics Meeting U-20 халықаралық турнирі аяқталды.
Қоғам • 31 Мамыр, 2019
200 отбасыға қайырымдылық көмек көрсетілді
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі мен «Зекет» қоры бірлесіп «Рамазан – мейірім айы!» қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.
Жеңіл атлетика • 31 Мамыр, 2019
Жеңіл атлетика: Алғашқы күні 18 жүлде алдық
Бұл күндері Алматыда жеңіл атлетикадан «Eurasian Athletics Meeting U-20» халықаралық турнирі өтіп жатыр. Бұл бәсекеде Үндістан, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Қазақстанның спортшылары бақ сынауда.