Сауданың процедураларын оңайлатудың басым бағыттарының бірі - кедендік процестерді максималды автоматтандыру. Бұл жерде тауарларды электрондық құжаттарды қолдана отырып, электрондық декларациялау туралы айтылуда.
Осы мақсатта Қазақстанда әлемнің 95 елінде қолданылатын ASYCUDA World платформасында әзірленген «АСТАНА-1» кедендік және салықтық әкімшілендірудің автоматтандырылған жүйесі енгізілді.
Кедендік процедураларды жеңілдету және тездету, кедендік төлемдер мен салықтарды өндіріп алудың тиімділігін көтеру, экспорттық-импорттық операциялар үшін Бірыңғай терезені іске асыру үшін сенімді негіз құру негізгі мақсат болып табылады.
«АСТАНА-1» АЖ көп функционалды және кешенді жүйе екенін ескере отырып, оны енгізу кезең-кезеңмен жүзеге асырылды.
2017 жылғы 1 қазаннан бастап «Кедендік транзит» кіші жүйесі іске қосылды.
2018 жылғы 1 қаңтардан бастап «Экспорт» кедендік рәсімі бойынша «Кедендік декларациялау» кіші жүйесі іске қосылды.
2018 жылғы 1 сәуірден бастап қалған кедендік рәсімдер бойынша «Кедендік декларациялау» кіші жүйесі іске қосылды.
«АСТАНА-1» АЖ бірер артықшылықтары бар: алдын ала ақпаратты ұсыну мезетінен бастап транзитті ресімдеу, тауарларды уақытша сақтау қоймасында сақтаудан бастап, тауарларды шығарғаннан кейін бақылауға дейін бүкіл кедендік процеске автоматтандырылған бақылауды жүзеге асыру мүмкіндігі.
Тауарларға арналған декларацияны автоматты шығару тауарларды кедендік тазартудың уақытын 1 минутқа дейін азайтуға (бұл декларациялардың жалпы санының 81%) ықпалын тигізді.
Анықтама:
- Транзит бойынша 691 мыңнан астам транзиттік декларация ұсынылған, оның 95% автоматты түрде 1 минутта шығарылған.
- Экспорт бойынша 120 мыңнан астам тауарға арналған декларация ұсынылып, оның 91%-ін жүйе автоматты түрде шығарған.
- Импорт және басқа процедуралар бойынша 417 мыңнан астам тауарларға арналған декларация ұсынылып, оның 65%-ін жүйе автоматты түрде шығарған.
Кедендік декларациялауды автоматтандыру СЭҚҚ-на УСҚ, брокерлерге, консультанттарға қаражаттар үнемдеуге, сондай-ақ қағаз түрінде декларациялау кезінде декларацияны оған қоса ұсынылатын құжаттармен бірге басып шығару, жол шығындары, декларацияны ұсыну және шығару кезінде кезекті нақтылы күту, УСҚ иеленушілеріне УСҚ тауарларды алу үшін декларациялардың көшірмелерін ұсыну және т.б. сияқты елеулі шығындарды талап ететін басқа да әкімшілік ресурстарды алып тастауға мүмкіндік берді.
Жалпы, 2018 жылы «АСТАНА-1» АЖ ендіру есебінен қаржылық шығындар қысқарды, бизнес 77,7 млрд теңге үнемдеді, бұл - электрондық декларациялауды енгізудің жағымды нәтижесі.
Сонымен бірге, декларациялауды оңайлатуға және бизнестің ақша үнемдеуіне байланысты елдің бюджетіне қосымша 13,5 млрд теңге түсті, сондай-ақ тауарлар импорты өсті (КТмС төлеу бойынша жеңілдіктер ұсынылған импортты қоса алмағанда) - 327 380 млн. теңге.
СЭҚҚ жүргізген сұрауға сәйкес, декларациялауды оңайлату есебінен 20% жуық босатылған ақшалай қаражат - 65 476 млн. теңге тауар айналымына салынды. СЭҚҚ 30% астамы брокерлер қызметінен бас тартып, 17,7 млрд теңге қаражатты үнемдеді, 10% әкімшілік шығындар және де тасымалдаушылар қызметтері бойынша шығындар азайтылды (тұрулар, экспедиторлық шығындар, тиеу/түсіру).
Сонымен бірге, кедендік декларациялауды автоматтандыру:
- 100% электрондық декларациялауды (қағаз құжаттарынан бас тарту);
- Мемлекеттік органдармен ақпаратпен, мәліметтермен онлайн алмасуды;
- ЕАЭО мүше-мемлекеттердің және басқа елдердің кеден қызметтерімен ақпаратпен онлайн алмасуды;
- Тауарларды әкелу мезетінен бастап түпкілікті сатуға дейін қадағалауды;
- Бірыңғай жеке шот;
- Тәуекелдерді басқарудың бірыңғай жүйесі;
- Тауарларды әлемнің кез келген нүктесінен декларациялауды;
- Тауарлар шығарылғаннан кейін бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Қазақстан Республикасының халықаралық рейтингін көтеру және «АСТАНА-1» АЖ сыбайлас жемқорлыққа қарсы нәтижесі:
Қазақстан Республикасы халықаралық сарапшылардың жағымды бағасын алды және барлық негізгі халықаралық рейтингтер бойынша көтерілді.
- «Doing Business» «Халықаралық сауда» рейтингі бойынша 21 позицияға (123 орыннан 102 орынға дейін);
- «Дүниежүзiлiк экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабiлеттiлiк рейтингісіндегi «Кедендік процедуралардың ауыртпалығы» көрсеткіші бойынша 15 позицияға (79 орыннан 64 орынға);
- «LPI» рейтингі бойынша «Кеден органдары жұмысының тиімділігі» 21 позицияға (86 орыннан 65 орынға).
«АСТАНА-1» жобасын енгізу бизнес климатқа жағымды әсерін тигізді, сондай-ақ кедендік декларациялау процесін автоматтандыру барлық кедендік процедуралар бойынша (транзит, импорт, экспорт, басқа процедуралар) декларацияларды автоматты түрде шығарудың талдауын ескере отырып сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін Республика бойынша 87% төмендетуге жағымды әсерін тигізді.
Осылайша, кедендік рәсімдеу процесін автоматтандыру бойынша 80%-тен кем емес және акцентті кедендік тазарту кезеңінен тауарды шығару кезеңіне алмастыру есебінен кедендік рәсімдеу уақытын азайту бойынша ҚР ҚМ МКК стратегиялық мақсаттарына қол жеткізілді.