Спорт • 26 Мамыр, 2022
5 маусымда аралас жекпе-жектен АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтетін UFC Fight Night 207 турнирінің толық карды белгілі болды. Аталған жарыста Жалғас Жұмағұлов та өнер көрсетеді.
Өнер • 26 Мамыр, 2022
Тұлғалар бейнеленген композициялар
Елордадағы Ұлттық музейде Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, белгілі қылқалам шебері Мұхтар Байбосынның XIX-XX ғасырда өмір сүріп, қазақ өнерінің мерейін асырған айтулы тұлғаларға арналған «Асыл мұра» атты жеке көрмесі ашылды.
Спорт • 26 Мамыр, 2022
Парижде тосын нәтижелер тіркелуде
Париждегі «Ролан Гаррос» турнирі биыл тосын нәтижелермен басталды. Дуалы ауыз мамандар кемінде ширек финалға шығады деп жорамалдаған үш бірдей мықты теннисші алғашқы айналымнан аса алмады. Олар – тунистік Онс Жабер, испаниялық Гарбинье Мугуруса және аустриялық Доминик Тим. Сондай-ақ Пиреней түбегінің тағы бір мықтысы Алехандро Давидович Фокина мен америкалық Дженсон Бруксби сынды сақа ойыншылар да тұсаукесер кездесулерінде сүрінді.
Спорт • 26 Мамыр, 2022
11 маусымда Алматыда аралас жекпе-жектен Naiza Fighting Championship турнирі өтеді. Бұл жарыста аталған ұйымның екі бірдей алтын белбеуі сарапқа салынады.
Кәсіпқой бокс • 26 Мамыр, 2022
Головкин-Альварес: Трилогия қыркүйекте өтеді
Орта салмақтағы IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мен супер орта салмақта әлемнің абсолютті чемпионы мексикалық Сауль «Канело» Альварес (57-2-2, 39 КО) қыркүйек айында үшінші жекпе-жектерін өткізетін болды. Бұл туралы алыптар айқасын тікелей эфирде көрсететін DAZN стриминг платформасы мен боксшылардың өздері әлеуметтік желідегі парақшаларында ресми түрде мәлімдеді.