Париждегі «Ролан Гаррос» турнирі биыл тосын нәтижелермен басталды. Дуалы ауыз мамандар кемінде ширек финалға шығады деп жорамалдаған үш бірдей мықты теннисші алғашқы айналымнан аса алмады. Олар – тунистік Онс Жабер, испаниялық Гарбинье Мугуруса және аустриялық Доминик Тим. Сондай-ақ Пиреней түбегінің тағы бір мықтысы Алехандро Давидович Фокина мен америкалық Дженсон Бруксби сынды сақа ойыншылар да тұсаукесер кездесулерінде сүрінді.

Әлемнің алтыншы ракеткасы Онс Жабердің осы жарыста «алысқа шабатынына» күмәнданғандар кемде-кем еді. Өйткені тунистік теннисші грунтта өте жақсы ойнайды. Соңғы бір-екі ай аралығында ол Мадридтегі WTA турнирінде топ жарып, Римдегі доданың финалында өнер көрсетті. «Ролан Гарростың» соңғы екеуінде Онс төртінші кезеңге дейін жетіп, былтыр Уимблдонның ширек финалына шықты. Бірақ бұл жолы Жабердің жолы болмады. Ол ойда-жоқта үздіктер тізімінде 56-орында тұрған польшалық Магда Линеттен ұтылды.
Кезінде «Ролан Гарроста» топ жарып, қазіргі кезде WTA рейтингінде 10-сатыға жайғасқан Гарбинье Мугуруса 37 жастағы эстониялық теннисші Кайя Канепиге есе жіберді. Осыдан екі-үш жыл бұрын ғана «Үлкен дулыға» санатына енетін Париж бен Мельбурндегі турнирлердің финалында ойнап, Лондонда дара шыққан Доминик Тим АТР тізімінде 89-орынға тұрақтаған боливиялық Уго Дельенге жол берді. Әйелдер арасындағы ең бай теннисші, АҚШ пен Аустралияның ашық біріншіліктерін екі реттен ұтқан Наоми Осака да еліне еңсесі түскен күйде оралды. Жапонияның жұлдызы АҚШ-тың аруы Аманда Анисимовадан айласын асыра алмады. Міне, аталған турнирдің алғашқы кезеңінде осындай тосын нәтижелер тіркелді.
Қазақстандық теннисшілер жайында айтар болсақ, Парижде үш ойыншымыз бақ сынауда. Елена Рыбакина дүниежүзілік рейтингте 78-орында тұрған 31 жастағы нидерландтық Аранча Руспен шеберлік байқасты. Александр Бублик АТР тізімінде 65-сатыға жайғасқан франциялық Артур Риндеркнешпен күш сынасты. Бұл ойындар дүйсенбіде басталған еді. Алғашқы сеттерде жерлестеріміз жеңіп жатты. Бірақ Лондонда толассыз жауған жаңбыр жарыстың берекесін кетірді. Содан барлық кездесулерді кейінге шегеруге тура келді. Келесі күні турнир қайта жалғасты. Бір қуаныштысы, Рыбакина да (6:1, 5:7, 6:2), Бублик те (6:2, 6:4, 6:4) шабысынан жаңылмай, келесі кезеңде күш сынасу мүмкіндігіне ие болды. Юлия Путинцеваның қарсыласы да анау айтқандай аса мықты болған жоқ. 27 жастағы румыниялық Ирина Бара осы күнге дейін «ТОП-100» ойыншының қатарына қосыла алмай жүр. Юлия оны оңай еңсерді – 6:3, 6:1.
Екінші кезеңде Юлия Путинцева италиялық Камила Джорджимен, Елена Рыбакина америкалық Кэти Волынецпен, ал Александр Бублик сербиялық Миомир Кецмановичпен күш сынасады. Бұл ойындардың барлығы да бүгін өтеді.
Испанияда орман өртін сөндіруге 25 тікұшақ жұмылдырылды
Әлем • Бүгін, 15:41
«Қазақконцерттің» Абай облысына гастрольдік сапары аяқталды
Өнер • Бүгін, 15:33
Қазақстанда электр энергиясының тапшылығы болуы мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 15:25
АҚШ-та 30 оқушы отырған мектеп автобусы үйге соғылды
Оқиға • Бүгін, 15:17
Жылу беру маусымына дайындық жүріп жатыр
Қоғам • Бүгін, 15:06
Бүгін «Барыс» «Автомобилист» командасымен кездеседі
Хоккей • Бүгін, 14:55
Қазақстанда 89 мыңнан астам студент жатақханаға мұқтаж
Білім • Бүгін, 14:47
Докторанттар 195 мың теңге шәкіртақы алады
Білім • Бүгін, 14:42
Елордада аулада жүрген баланы көлік қағып кетті
Оқиға • Бүгін, 14:32
Студенттердің білімін бағалау тәсілі өзгереді
Білім • Бүгін, 14:20
Семейде екі баланы құтқарған адам суға батып кетті
Аймақтар • Бүгін, 14:13
Елордада Astana Open турнирі өтеді
Теннис • Бүгін, 14:01
Алматы қаласы мемлекеттік активтер басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 13:49
Ауа райы • Бүгін, 13:33
Ғылым және жоғары білім вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 13:17
Асхат Аймағамбетов баласының мектеп формасына қанша жұмсайды?
Қоғам • Бүгін, 13:02
Ұлттық қорға 3,4 трлн теңге түсті
Қаржы • Бүгін, 12:54
Қазақстандықтар жарты жылда 44,4 трлн теңгеге онлайн төлем жасаған
Қаржы • Бүгін, 12:44
Елімізде жылдық инфляция 15%-ға дейін өсті
Экономика • Бүгін, 12:33
Пәкістанда болған жол апатынан 20 адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 12:13
Елімізде 500-ге жуық шетелдік көлік заңсыз тіркелген
ANTIKOR • Бүгін, 11:57
Әлихан Смайылов дизель отынына қатысты мәселені шешуді тапсырды
Үкімет • Бүгін, 11:43
Үкімет басшысы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына баға берді
Үкімет • Бүгін, 11:36
Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың келесі кезеңіне өткен үміткерлер анықталды
Әдебиет • Бүгін, 11:23
Елордада тағы 7 автобустың бағыты өзгерді
Елорда • Бүгін, 11:15
Болат Ақшолақов дизель отынының лимиттерін атады
Қоғам • Бүгін, 11:07
Елордада мұқтаж азаматтар үйіне газ қосу үшін әлеуметтік көмек ала алады
Елорда • Бүгін, 10:55
Биыл 7,7 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
Қоғам • Бүгін, 10:47
Елордадағы мешітте ұрлық жасаған өзбекстандық ұсталды
Елорда • Бүгін, 10:39
Қазақстандық спортшылар Ислам ойындарында тағы 2 жүлде алды
Спорт • Бүгін, 10:30
Шымкентте 1 жасар бала тоққа түсіп қалды
Оқиға • Бүгін, 10:13
Армениядағы жарылыстан қаза тапқандар саны 11-ге жетті
Әлем • Бүгін, 10:08
Алматыдан 125 шақырым жерде жер сілкінді
Аймақтар • Бүгін, 10:00
Қазақстандықтар тағы бір елге визасыз бара алады
Туризм • Бүгін, 09:52
16 тамызға арналған валюта бағамы
Экономика • Бүгін, 09:47
Елена Рыбакина Цинциннати турнирін сәтті бастады
Теннис • Бүгін, 09:42
16 тамызға арналға ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:38
Қазақстанда 9,5 миллионнан астам адам екпе салдырған
Коронавирус • Бүгін, 09:30
ХҚКО өкілдері мүгедектерге мемлекеттік баж салығын төлеткен
ANTIKOR • Бүгін, 09:22
Соғыста қаза тапқан қазақстандық жауынгердің сүйегі елге қайтарылды
Қоғам • Бүгін, 09:13
Ұқсас жаңалықтар