Қазақстан • 26 Мамыр, 2022
Өзіндік үнімен, суреткерлік қасиетімен танылған Қосжан Мүсірепов аз ғана уақыт өмір сүрсе де, әдебиетке іргелі шығармалармен олжа салды. Нәзік иірімдерге толы нәркез новеллалар жазудың да хас шебері болған. «Жоғалған ақ алмас», «Жарық дүние», «Намыс», «Асылық», «Өкініш», «Алтын анам», тағы басқа да новеллалары жүрек қылын шертеді, оқырманын иірімі терең мұңға орайды. Ақынның балаларға арнап жазған шығармалары да зерттеп-зерделеуді қажет етеді.
Білім • 26 Мамыр, 2022
Инклюзивті оқу-зерттеу зертханасы ашылды
Инклюзивті және арнайы білім беру саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, студенттерді оқыту, жаңа формацияның мектеп мұғалімдерін, құзыретті, тәжірибеге бағытталған педагогикалық кадрларын даярлауда зертханалық ресурстар мен жаңа технологияларды пайдалану салалық жоғары оқу орындары үшін маңызды.
Ахмет Байтұрсынұлы • 26 Мамыр, 2022
Ұлт ұстазы атанбай тұрып-ақ, «Ел бүгіншіл, менікі ертеңгі үшін» деп мақсат қойған Ахмет Байтұрсынұлы 1891 жылы Ыбырай Алтынсарин негізін қалаған Торғайдағы екі сыныптық орыс-қазақ мектебінде оқып, тәрбиеленді. Ыбырай ағарту ісінің негізін салушы болса, Ахмет Байтұрсынұлы – Ыбырай бастаған абыройлы істерді жалғастырушы, білім саласын жетілдіруші.
Бизнес • 26 Мамыр, 2022
Осы жылдың сәуірінде Қазақстанда 29 жасқа дейінгі кәсіпкерлердің саны 211,9 мыңды құрады. Олар – нақты жұмыс істеп тұрған нарық ойыншылары. Көрсеткіш бір жыл бұрынғы деңгейден 36,4 пайызға жоғары. Демек ел жастары бизнеске қарай ойыса бастады деген сөз.
Референдум • 26 Мамыр, 2022
Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшелері Владимир Волков, Қанатбек Сафинов, Андрей Лукин және Нұрлан Бекназаров Қазақ ұлттық өнер университетінің оқытушыларымен және студенттерімен кездесті.