Өзіндік үнімен, суреткерлік қасиетімен танылған Қосжан Мүсірепов аз ғана уақыт өмір сүрсе де, әдебиетке іргелі шығармалармен олжа салды. Нәзік иірімдерге толы нәркез новеллалар жазудың да хас шебері болған. «Жоғалған ақ алмас», «Жарық дүние», «Намыс», «Асылық», «Өкініш», «Алтын анам», тағы басқа да новеллалары жүрек қылын шертеді, оқырманын иірімі терең мұңға орайды. Ақынның балаларға арнап жазған шығармалары да зерттеп-зерделеуді қажет етеді.

Ақынға құрмет, тағзым ретінде Түркістан облысы Мақтаарал ауданының орталығы Мырзакенттің жаңа шағын ауданында орналасқан Қосжан Мүсірепов атындағы жалпы орта мектепте ескерткіш-бюсті ашылды. Небәрі 35 жыл ғұмыр кешіп, қазақ әдебиеті көгінен жұлдыздай ағып өткен сыршыл ақын ескерткішінің ашылу іс-шарасына аудан әкімі Бақыт Асанов қатысып, игі іс оқушыларға үлкен үлгі-өнеге болатынын атап өтті. «Бүгін 90 жылдығы аталып өтіп жатқан ақын арамызда болмаса да оның ғұмырын өзінің шығармалары, лирикалық жырлары жалғастыруда. Сондай-ақ жаңадан пайдалануға берілген 1 200 орындық Қосжан Мүсірепов атындағы мектептің жаңа ғимаратының алдында ақынның асқақ ескерткішінің бой көтеруі – оған деген халық құрметінің одан әрі асқақтай түскенін көрсетеді», деді Бақыт Насырханұлы.
Мұнан соң қоғам қайраткері, белгілі публицист-қаламгер Әкім Ысқақтың «Менің Қосжаным» атты кітабының тұсаукесері өтті. Кітаптан Қосжан Мүсірепов туралы мол мағлұмат таба аласыз. Қаламгер туралы замандастарының, үзеңгілес достарының, әріптестерінің, туған-туыстарының естеліктері кітап мазмұнын байыта түскен. Сондай-ақ жинақта ақынның достарына, ағайын-туыстарына жазған хаттары бар. Қ.Мүсірепов атындағы әдеби бірлестік мүшелерінің отыз бес жылда атқарған жұмыстары да осында. Кітап «Қымбат та қимас Қосжан», «Жүрек көзімен», «Тарих парағын ақтарғанда», «Ақын шығармалары» атты төрт бөлімнен тұрады. Жинақтан ақынның бір топ өлеңдері мен новеллаларын да оқи аласыз. Іс-шара барысында ақынның көзін көрген азаматтар, жазушылар, журналистер, ардагерлер естеліктерімен бөлісті. Сондай-ақ жиынның соңында ақынның туған інісі Сырым Мүсірепұлы ағасының аруағына бағыштап ас берді.
Түркістан облысы
Қазақстанда 89 мыңнан астам студент жатақханаға мұқтаж
Білім • Бүгін, 14:47
Докторанттар 195 мың теңге шәкіртақы алады
Білім • Бүгін, 14:42
Елордада аулада жүрген баланы көлік қағып кетті
Оқиға • Бүгін, 14:32
Студенттердің білімін бағалау тәсілі өзгереді
Білім • Бүгін, 14:20
Семейде екі баланы құтқарған адам суға батып кетті
Аймақтар • Бүгін, 14:13
Елордада Astana Open турнирі өтеді
Теннис • Бүгін, 14:01
Алматы қаласы мемлекеттік активтер басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 13:49
Ауа райы • Бүгін, 13:33
Ғылым және жоғары білім вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 13:17
Асхат Аймағамбетов баласының мектеп формасына қанша жұмсайды?
Қоғам • Бүгін, 13:02
Ұлттық қорға 3,4 трлн теңге түсті
Қаржы • Бүгін, 12:54
Қазақстандықтар жарты жылда 44,4 трлн теңгеге онлайн төлем жасаған
Қаржы • Бүгін, 12:44
Елімізде жылдық инфляция 15%-ға дейін өсті
Экономика • Бүгін, 12:33
Пәкістанда болған жол апатынан 20 адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 12:13
Елімізде 500-ге жуық шетелдік көлік заңсыз тіркелген
ANTIKOR • Бүгін, 11:57
Әлихан Смайылов дизель отынына қатысты мәселені шешуді тапсырды
Үкімет • Бүгін, 11:43
Үкімет басшысы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына баға берді
Үкімет • Бүгін, 11:36
Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың келесі кезеңіне өткен үміткерлер анықталды
Әдебиет • Бүгін, 11:23
Елордада тағы 7 автобустың бағыты өзгерді
Елорда • Бүгін, 11:15
Болат Ақшолақов дизель отынының лимиттерін атады
Қоғам • Бүгін, 11:07
Елордада мұқтаж азаматтар үйіне газ қосу үшін әлеуметтік көмек ала алады
Елорда • Бүгін, 10:55
Биыл 7,7 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
Қоғам • Бүгін, 10:47
Елордадағы мешітте ұрлық жасаған өзбекстандық ұсталды
Елорда • Бүгін, 10:39
Қазақстандық спортшылар Ислам ойындарында тағы 2 жүлде алды
Спорт • Бүгін, 10:30
Шымкентте 1 жасар бала тоққа түсіп қалды
Оқиға • Бүгін, 10:13
Армениядағы жарылыстан қаза тапқандар саны 11-ге жетті
Әлем • Бүгін, 10:08
Алматыдан 125 шақырым жерде жер сілкінді
Аймақтар • Бүгін, 10:00
Қазақстандықтар тағы бір елге визасыз бара алады
Туризм • Бүгін, 09:52
16 тамызға арналған валюта бағамы
Экономика • Бүгін, 09:47
Елена Рыбакина Цинциннати турнирін сәтті бастады
Теннис • Бүгін, 09:42
16 тамызға арналға ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:38
Қазақстанда 9,5 миллионнан астам адам екпе салдырған
Коронавирус • Бүгін, 09:30
ХҚКО өкілдері мүгедектерге мемлекеттік баж салығын төлеткен
ANTIKOR • Бүгін, 09:22
Соғыста қаза тапқан қазақстандық жауынгердің сүйегі елге қайтарылды
Қоғам • Бүгін, 09:13
1453 адам коронавирустан жазылып шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:06
Өткен тәулікте 789 қазақстандық індет жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:00
Ұлттық спорт • Бүгін, 08:43
Спорт • Бүгін, 08:42
Спорт • Бүгін, 08:40
Цинциннатидегі турнир басталды
Спорт • Бүгін, 08:38
Ұқсас жаңалықтар