Коронавирус • 01 Мамыр, 2020
Медицина қызметкерлерінің әл-ауқатын естен шығармаймыз - министр
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Facebook парақшасында жазды.
Коронавирус • 01 Мамыр, 2020
COVID-19 : Еркінсуге ерте екенін ескертеді
11 мамырдан кейін елімізде коронавирус дертінің қарқыны басылып, елде жаймашуақ өмір қайта орнайтындай сезіліп жатыр. Сарапшылар еркінсуге әлі ерте деп отыр. Себебі, індет жұқтырғандардың жаңа деректері тәулік сайын тіркеліп жатыр. Бұл індетпен әлі бірер айға дейін «көрші қонатынымызды», бетперде мен спрейлер күнделікті тұтынатын қажет тауарлардың бірі бола беретінін сезіп жүрміз.
Аймақтар • 01 Мамыр, 2020
Түркістан: Рұқсатнама қағаздары жүйелі түрде тексерілмейді
Түркістан облысында карантиндік режим жеңілдетілген болатын. Бұл орайда төтенше жағдай талаптарын сақтау, қадағалау маңызды. Түркістан - Кентау блок-бекетінде облыс орталығынан Кентау қаласына бағыт алған жолаушылардың рұқсатнама қағаздары жүйелі түрде тексерілмейді және бекеттен тысқары аймақтан өтіп жатқан қозғалысқа бақылау жүргізілмейді.
Аймақтар • 01 Мамыр, 2020
Маңғыстауда коронавирус инфекциясын 73 жастағы тұрғын жұқтырған
Маңғыстау облысында COVID-19 вирусын жұқтырған 1 адам анықталды. Ол 73 жастағы Карақия ауданы, Сенек ауылының тұрғыны. Бұл кісі коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.
Аймақтар • 01 Мамыр, 2020
Елордада саябақ құрылысы басталды
Нұр-Сұлтан қаласында 50-ге жуық қоғамдық орын абаттандырылады. Олардың қатарында саябақтар, тынымбақтар және басқа да таза ауада серуендеуге арналған орындар бар. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.