Қазақстан • 01 Мамыр, 2020
Жылдағы дәстүрге сай, 1 мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күнінде қазақ халқына ықылас-лебізін білдіретіндер аз емес. Өйтпегенде ше, адамдарды түр-түсіне бөлмей, әлі күнге қонағын құшақ жая қарсы алатын қаракөздеріміз шынымен бұған лайық. Әсіресе мұның маңыздылығы қазіргідей жер жүзінде діни және ұлттық сипаттағы шиеленістер өршіп тұрған уақытта ерекше байқалады.
Руханият • 01 Мамыр, 2020
Қоғамдық келісім мен бейбітшіліктің маңызын ұғындырар ұлағатты ұғымдар санада жаңғырған сәттерде, іргесінен су кетіп, берекесі қашқан, татулық туын жығып алған кейбір елдердегі қиын жағдайларды ойлағанда ел ынтымағының, ел бірлігінің қаншалықты маңызды екенін терең түсінесің.
Аймақтар • 01 Мамыр, 2020
Сарыарқадағы Саржалын сағынады екен!..
Семейден шығып, солтүстікке – сайын Сарыарқаға бет алғаныңызда жолай кезігетін Қарасудан кейінгі екінші бір іргелі ауыл Саржал деп аталады. Бұл өңір – кешегі Алашорда Үкіметі төрағасының орынбасары болған Халел Ғаббасов, тағы бір Алаш арысы Ахметжан Қозыбағаров, сол заманда Семейде шыға бастаған «Қазақ тілі» газетінің редакторы, ал одан кейінгі жерде «Еңбекші қазақ» (қазіргі «Egemen Qazaqstan») газеті редакторының орынбасары болып қызмет атқарған Шәймерден Тоқжігітовтің және тағы басқа көптеген қасқалар мен жайсаңдардың кіші отаны.
Тарих • 01 Мамыр, 2020
Тарихта Екінші дүниежүзілік соғыс деп аталған кезеңнен кейін өмір сүріп, еңбек еткен КСРО тұрғындары арасында бір-бірімен хат жазысып, амандық-саулықтарын хат жолдау арқылы жеткізу кең үрдіс алғаны белгілі. Ал төрт жылға созылған шайқастар арасында қан майданның ортасынан жауынгерлердің елге жолдаған хаттары үш бұрышты болғанын бүгінде екінің бірі біле бермеуі де мүмкін.
Қоғам • 01 Мамыр, 2020
Street workout чемпионы 25 жастағы Ильдар Ягьяев спортқа кездейсоқ келген жоқ – балаң қиялындағы қайратты азамат болып жетілсем деген ой-арманы жігерін жани түсті. Осы сенім-жігер спорт жолында кездескен қиындықтарды жеңіп отырды, ол жеңілістер мен сәтсіздіктерге мұқалған жоқ. 10 жасынан бастап Ақтау қаласының тұрғыны атанған ол 16 жасқа толысымен өз бетінше ойын алаңдарында жаттығуды бастады.