Тарих • 23 Мамыр, 2018
Есімі елдің есінде: Әбубәкір Әлиұлы
Кешегі қияметі де қиянаты да көп, Кеңес Одағы дейтін қызыл империяның тұсында да қайнаған өмір, қарбалас тіршілік болды, қазақтың талай азаматы қайраткер атанды, маңдайы жарқырап съездер мен сессиялардың төрінде отырды. Сол кезеңде бұйырған қызметті біз де абыроймен атқардық. Елге белгілі талай азаматтармен аралас-құралас та болдық. Көпшілігін ардақтап аға тұттық. Аруағыңнан айналайын Димекеңнің нұрына балқып, шапағатына шомылдық. Асанбай Асқаровпен, Әліпбай Алыбаевпен, Өзбекәлі Жәнібековпен, Өмірбек Жолдасбековпен, сол тұста-ақ жалындап келе жатқан жас жолбарыс Нұрсұлтан Назарбаевпен сыйлас та сырлас болдық.
Соңғы қоңырау – мектеп бітіруші түлектердің жанын тербететін аяулы сәт. Алабұртқан сезім, алып-ұшқан арман, үміт пен күдік. Одан өзге? Мектеп вальсі. Иә, мектеп вальсі туралы әр жүрек түкпірінде жазылмаған бір-бір шығарма бар шығар. Бұл – мектеп қабырғасымен, дос-құрбылармен ғана қоштасу емес, іште бұғып жатқан мөлдір, алғашқы алақұйын сезімдермен де қоштасу.
Аймақтар • 23 Мамыр, 2018
Ахмет Байтұрсынұлының балалық шағы өткен үйі қалпына келтіріледі
Қостанай облысында 29 киелі орын белгіленіп, олардың картасы жасалды. Солардың арасында 10 қасиетті орын: Торғай геоглифтері, Қамысты мекені, Екідің діни ескерткіші, Барақ, Жәуке, Ыбырай Алтынсарин, Міржақып, Әбдіғапар хан, Кейкі батыр кесенелері, сонымен қатар Амангелді батыр жерленген орын ұлтымыздың мақтанышы деуге негіз бар. Ал тарихи мазмұны кейінгі ұрпаққа мұра боларлық 19 киелі орынның да рухани маңызы жоғары. Олардың арасында ұлт ұстазы, Алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлының кіндік қаны тамған, балалық шағы өткен үй де бар. Оның орналасқан жері Жангелдин ауданындағы «Ахаңның Ақкөлі» атанған Ақкөл көлінен, сол жердегі Қарасу мен Южный ауылдарынан алыс емес. Сол маңда Байтұрсынның әкесі Шошақ әулетінің қорымы да жатыр.
Қазақстан • 23 Мамыр, 2018
Алматыда дәстүрлі «Фараби оқулары» өтті
Жақында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасына сәйкес әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде екі апта бойы дәстүрлі халықаралық «Фараби оқулары» өтті.
Қазақстан • 23 Мамыр, 2018
«Рухани қазына» фестивалінің үздіктері анықталды
Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен елорда төрінде өтіп жатқан «Рухани қазына» фестивалінің екінші күні, сала үздіктері анықталып, өз ісінің маман қызметкерлері мен жұмысын табысты атқарып отырған мекемелерді марапаттау рәсімі болды.