Қоғам • 25 Мамыр, 2024
Елордада тұңғыш рәмізтанушы, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ербол Шаймерденовтің туғанына 70 жыл толуына орай ғылыми-танымдық конференция өтті. Ұлттық академиялық кітапханада ұйымдастырылған жиынға ғалымдар, мәдениет және қоғам қайраткерлері қатысты.
Қоғам • 25 Мамыр, 2024
Қазір смартфонды ашып қалсақ, желіде ұтыс ойнатып, жұрттан ақша жинап жатқандарды жиі көретін болдық. Блогерге 10 мың теңге аударып, парақшасына жазылып кетсеңіз болғаны, шетелдік қымбат көлік ұтасыз дегенге, тіпті бір үйір жылқы тіккені де бар. «Бұл неғылған батпан құйрық, айдалада жатқан құйрық?» дегеннің кебі. Сөйтіп, ертегідегі қасқырдай тегін құйрықты қарпимын деп сан соғып қалғандар көбейді.
Қаржы • 25 Мамыр, 2024
Микроқаржы ұйымдары (МҚҰ) көпшілік үшін пайыздық мөлшерлемесіне қарамай, ойланбастан жүгінетін ыңғайлы қаржы құралына айналып отыр. Бүгіндері олардың саны 200-ден асып жығылады. 50 мың беретіні де, 500 мың беретіні де бар. Негізінен, бұл сегментті банктен мақұлдау ала алмаған немесе банктердің «қара тізіміне» кіріп кеткендер толтырған.
Несие • 25 Мамыр, 2024
Кәсіпкер несиеге қаншалықты мұқтаж?
Бизнес тарапынан банк несиесіне деген сұраныс ұлғая түскен. Шағын бизнестің өтінімі 786 мыңға дейін өскен. Орта және ірі кәсіпкерліктің де үлесі жоғары. Кей банктердің тәуекел профиліне қойылатын талаптарды қайта қарауы несие берілу көрсеткішін жақсартқан сыңайлы. Ұлттық банктің (ҰБ) мәлімдеуінше, мемлекеттік бағдарламалар аясында қаржыландыруды қайта бастау орта бизнес тарапынан сұранысқа оң әсерін тигізді.
Қоғам • 25 Мамыр, 2024
Инклюзивті ортаны дамыту халықтың әлеуметтік-экономикалық өмірін жақсартуға жәрдемдесетін іс-шаралардың негізгі бөлігін құрайды. Бірыңғай қайырымдылық операторының биылғы жоспарында мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдауға арналған жүйелі жобаларға, оңалту орталықтарын ашуға, бейімделген спорт кешендерін салуға ерекше маңыз берілген.