Қазақстан • 27 Мамыр, 2020
Қазақстандықтар үнемдейді: сәуір айында интернеттегі шығындар 13% төмендеді
Covid-19 пандемиясына қарсы күреске байланысты қатаң шаралар енгізілгендіктен, сауда желілері мен бизнес-орталықтарының жабылуы елдегі қолма-қол ақшасыз карточкалық төлемдердің көлемі сәуір айында айтарлықтай төмендегенін көрсетті. Өткен айдың қорытындысы бойынша көрсеткіш 18%, яғни 1 763,7 млрд теңгені құрап, өткен үш айдың оң динамикасын үзіп алды. Сонымен қатар, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда көрсеткіштің оң динамикасы сақталып тұр – 839,7 млрд теңгеден 2,1 есе өсті.
Аймақтар • 27 Мамыр, 2020
Шымкент: Еңбек кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар түсіндірілді
Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы Еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасының басшысы Бауыржан Қалжановтың қатысуымен ҚР Еңбек Кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы онлайн-брифинг өтті.
Аймақтар • 27 Мамыр, 2020
Павлодар облысының экс-әкімі Болат Бақауовқа қатысты сот үкімі шықты
Павлодар қалалық №2 сотының судьясы Нұрлан Қайырбеков Б. Бақауовты үш жыл, алты ай бас бостандығын шектеу және өмір бойы мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айыру жазасын тағайындады. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлады.
Әлем • 27 Мамыр, 2020
«Күнделік» жүйесі Топ 50 білім беру бағытындағы порталдың әлемдік рейтингіне енді
Әлемде жайлаған індет биыл алғаш рет наурыздан бастап еліміздегі бүкіл білім беру жүйесін қашықтан оқытуға көшірді. Білім беру қызметтерін ұсыну форматындағы ауқымды өзгерістер дүниежүзіне ғана емес, Қазақстанға да қатысты болды. Нәтижесінде пандемия және карантин жағдайында 2019-2020 оқу жылының төртінші ширегі, яғни «Күнделік» жүйесі Қазақстанның сандық білім беру платформаларына қатысуының күрт өскенін көрсетті.
Президент • 27 Мамыр, 2020
Алдағы бес жыл ішінде 90 мың студент үшін жатақхана салынады
Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 3-отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.