Болат Бақауовтың қылмыстық жолмен немесе қылмыстық жолмен иемденген қаражатқа сатып алған мүлкінің жоқтығына байланысты оған мүлкін тәркілеу қосымша жазасы тағайындалған жоқ.
Жоғарғы соттың 7.07.2016 жылғы №4 Нормативтік қаулысының 14-тармағына сәйкес, процессуалдық келісімге келу үшін күдіктінің кінәсін мойындауы міндет емес. Оның күдік пен іске қатысты айғақтарды жоққа шығармағаны жеткілікті. «Үй қамағы» бұлтартпау шарасы алынып тасталды. Оған дейін Болат Бақауовқа ҚР ҚК 362-бабы, 4-бөлімінің, 3-тармағына сәйкес айып тағылған еді (билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалануды, лауазымды адам бола тұра, өзінің құқықтары мен өкілеттіктерінің шегінен анық шығатын және мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіруді, басқа адамдарға пайда мен артықшылықтар алу және ұйымдарға зиян келтіру мақсатында жасалған іс-әрекеттер).
Оған байланысты мүлікті тәркілеумен бірге бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру санкциялары көзделген болатын.