«Қос дипломды бағдарламаларды, студенттердің, жоғары оқу орындарының оқытушы-профессорлық құрамының ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлығының түрлі формаларын дамыту қажет. Қазақстандық университеттердің базасында шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының кампустарын ашу керек. 10 университетте академиялық басымдық деп аталатын студенттердің тұруына қауіпсіз әрі жайлы орталықтар құрылуы тиіс», - деді Мемлекет басшысы.
Президент алдағы 5 жылдың ішінде кемінде 90 мың жатақхана орны салынуы тиістігін баса айтты.