Сұхбат • 25 Мамыр, 2024
Тілдің жай-күйі өзекті тақырыпқа айналғалы қашан. Соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарындағы тіл тазалығы пікірталасқа жиі арқау болып жүр. Алайда қазір баспасөз бен көгілдір экранда, радио мен ақпараттық сайттарда қазақ тілінің жазылу емлелерінен бастап, айтылуы мен оқылуына дейін мың құбылып жүр. Осы күнге дейін жазылмаған қағидаға айналып, үлгі болып келген бір ережеге бағыну былай тұрсын, құлаққа түрпідей тиетін сөздер көбейді. Осы орайда сөйлеу мен жазу мәдениетінің маманы, ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Шерубай ҚҰРМАНБАЙҰЛЫНЫҢ ақпарат айдынындағы тіл мәселесі туралы ой-пікірін білгенді жөн көрдік.
Қоғам • 25 Мамыр, 2024
Академик Төрегелді Шарманов өмірден өтті
95 жасында Қазақ тағамтану академиясының президенті, белгілі нутрициолог Төрегелді Шарманұлы Шарманов дүниеден озды. Қайғылы қазаны Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Өнім • 25 Мамыр, 2024
Жергілікті тауар импорттың тасасында қалып қоймай ма?
Алдағы уақытта керекулік шаруалардың өтпей жатқан сүтін Солтүстік Қазақстан облысының ірі зауыты сатып ала бастауы мүмкін. Бұған сүт өңдейтін кәсіпорын басшылығының өзі ынталанып отыр. Дейтұрғанмен шикізаттың сапалысы ғана қабылданатыны ескертілді.
Аймақтар • 25 Мамыр, 2024
Жайық өзенінің суы Махамбет ауданында әлі де 10 метрден түспей тұр. Кеше түскі мезгілде мұнда өзен арнасы 1 020 см-ді құрады. Махамбет ауданы жедел штабының үйлестірушісі Алшынбек Мұханғалиевтің айтуынша, қазір Махамбет пен Сарытоғай ауылдарын жалғайтын жолда бақылау күшейтіліп отыр. Полиция қызметкерлері аталған жолдағы қозғалысты, әсіресе, жаяу жүргіншілер мен жеңіл автокөліктер қауіпсіздігін ұдайы қадағалайды.
Экономика • 25 Мамыр, 2024
Шаруалардың түйткілін шешетін зауыт
Жетісулық шаруалар егінге қажет судан тапшылық көріп отыр. Ал заманауи суару жүйелеріне қажет техниканың бағасы удай қымбат. Оны естіген жергілікті қожалықтар шыр-пыр болады. Облыстық ауылшаруашылық басқармасы оларға жаңбырлатып һәм тамшылатып суаруды міндеттейді. Енді осы мәселені шешу үшін облыс орталығында жаңа зауыт салынады.