Қазақстан • 24 Мамыр, 2017
Байланыс операторы балалардың интернеттегі қауіпсіздігіне қатысты қызметті іске қосты
Ұялы байланыс операторы Beeline-Қазақстан балалардың интернеттегі әрекетін ата-аналарының қадағалуына мүмкіндік беретін Kaspersky Safe Kids қосымша қызметінің іске қосылғаны туралы мәлімдеме таратты.
Аймақтар • 24 Мамыр, 2017
ОҚО-да 245 мыңға жуық оқушы жазғы лагерьге барады
Оңтүстік Қазақстан облысында биылғы жылы 1 мен 10-сынып оқушыларының саны 579 мыңға жуық оқушыны құрап отыр. Осы балалардың жазғы демалыстарын тиімді ұйымдастыру мақсатында өңірдегі 1858 түрлі бағыттағы лагерлер жұмыс жасайтын болады. Ал оларда 244 674 бала демалады деп жоспарлануда. Бұл жалпы оқушылардың 42 пайызын құрайды. Осының ішінде 32 мыңға жуық бүлдіршін лагерлерге тегін жіберіледі.
Бокс • 24 Мамыр, 2017
Бокстан еліміздің жарық жұлдыздарының бірі Бақтияр Артаев шетелдегі оқуын тәмамдап келген соң елімізде жаңа жобаны жүзеге асыра бастады. Облыс әкімдігінде, кейіннен «Астана» президенттік кәсіби спорт клубының директоры секілді бірқатар лауазымды қызмет атқарған Олимпиада чемпионының неліктен шағын ғана жекеменшік мекеме тізгінін қолға алғанын әзірге көпшілік түсіне қойған жоқ. Ендеше осы сұхбатымызда бұл бастаманың танымал спортшыны несімен қызықтырғанын, Ұлыбританиядағы өмірі мен бүгінгі спорттың кем-кетіктері жайлы пікірімен таныс бола аласыздар.
Аймақтар • 24 Мамыр, 2017
Талдықорғанда республикалық жас ақындар айтысы өтті
Бүгін Талдықорған қаласында «Рухани жаңғыруға жастық жігермен» атты республикалық ақындар айтысы болып өтті.
Әлем • 24 Мамыр, 2017
Димаштың жұлдыз достары. Лара Фабиан мен Ева Лонгория кім?
Ішкі-сыртқы тартымдылық үйлесімі мен үн тазалығы арқылы әлем сахнасына көтерілген Димаштың бүгін туған күні. Мерейлі күнге арналған құттықтаулар легі әлемнің түкпір-түкпірінен толассыз ағылып жатыр. Солардың ішінде мегажұлдыздар Лара Фабиан мен Ева Лонгория да бар. Димаштың талантына сүйсінген екеу, барша жақсылық атаулыны тілейтіндерін айтып, видео сәлемдеме жолдады. Қос жұлдыздың құттықтауын іліп әкеткен әлеуметтік желдегі жұрт гу-гу. Сонымен Лара Фабиан кім? Димашты биге шақырып жүрген Ева Лонгория ше?