Маман • 25 Мамыр, 2024
Мелиорация мамандарын даярлаудың жаңашыл жүйесі керек
Былтыр Президенттің тапсырмасына орай Мелиорация және су шаруашылығы министрлігі құрылды. Барлық ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігіне мүмкіндік беретін Ұлттық геологиялық қызмет іске кірісті. Парламентте Су кодексі әзірленіп жатыр. Белгілі гидротехник, техника ғылымдарының кандидаты, доцент Әмірхан Кеншім осындай жүйелі жұмыстар жүзеге асатын болса, су шаруашылығын біртіндеп қалпына келтіруге болады деген пікірін білдірді.
Мәдениет • 25 Мамыр, 2024
Мәдениет майталмандары марапатталды
Мәдениеттің көшін алға оздырып жүрген әрбір маманның, талант иесінің тағдыр шұғыласының бір парағы сән-салтанатымен айшықталды. Көздің нұры мен көкіректің жырын қатар аңғартқан сол мәдениет саласының қызметкерлері Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрында әсем әнмен шалқып, күймен қалқығандай сезілді. Кейбір ардақтылар омырауына еңбегінің өтеуіндей көрінген төсбелгілерді тағынса, кейбір жерлестеріміз әртүрлі марапатқа ие болды. Ал Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясы үздік мәдениет мекемесі атанып, ұжымға автокөлік сыйға тартылды.
Руханият • 25 Мамыр, 2024
«Түрік» түбірінен алыстамаған жөн
Көп жылдан жұрт көңілінде жүрген мәселе тағы да қозғалды. Оның реті де бар. Өйткені әңгіме – байырғы баба атын дұрыс жазып, ертеңгі ұрпаққа дұрыс таңбалап беріп кетуде. Бұл – мемлекетқұрушы ұлт зиялыларының парызы. Бұл – ұлттық намыс ісі. Бұл – өркениеттік мәселе.
Басылым • 25 Мамыр, 2024
Қазақстан – Түрікменстан: БАҚ саласындағы байланыс
Таяуда Ашхабат қаласында түрікмен ақыны, ойшылы Махтымқұлы Пырағының 300 жылдығына арналған халықаралық жоғары деңгейде мәдени, ғылыми, танымдық іс-шара өтті.
Талбесік • 25 Мамыр, 2024
Еліміздің 10 облысын тасқын су басып, біраздан бері әбігер болып жатқанымыз белгілі. Апатты аймақтарда 24 мыңнан аса адам зардап шеккен, оның көпшілігіне 7 млрд теңгеден аса сомаға біржолғы төлем түрінде көмек берілген. Жоғалған мал басына төлемнің өзі 1 млрд теңгеге жақын болыпты. Ал тұрғын үйлерді қалпына келтіруге 710 млн теңге қаражат бөлініпті. Бұл мемлекет қаржысына әжептәуір салмақ салып тұр. Мұны табиғат апатының жазық жерде болатын жұмсақ түрі деп айтуға болады, ал оның басқа да алапат түрлері бар. Соның бірі – сел жүру.