Руханият • 27 Мамыр, 2020
Шәмші ғұмырының беймәлім беттері
2017 жылдың қаңтар айында қызмет бабы бойынша Оралдан Ақтөбеге ауысып келгенімде бұл өңірде есімі ел есінде жатталып қалған қайталанбас композитор Шәмші Қалдаяқовқа деген құрметінің ерекше екенін байқадым. Әсіресе ақтөбеліктердің ұлы өнер иесіне деген қошеметін сөзбен емес, тиянақты тындырылған іспен шегелеп тастағаны тәнті етпей қоймады.
Бокс • 27 Мамыр, 2020
Жекпе-жекте жеңілмеген жігіттер
Үлкен спортта әр дәуірдің өз қаһармандары болады. Мәселен, кәсіпқой бокста Джо Луис, Мұхаммед Әли, Джо Фрэзер, Джордж Формэн, Майк Тайсон, Леннокс Льюис, Рой Джонс және тағы басқа жұлдыздардың есімдері күні бүгінге дейін ерекше құрметпен аталады. Десек те олардың барлығы да жеңілістің кермек дәмін татқанын жанкүйерлер жақсы біледі. Ал спорттық карьераларын бірде-бір жекпе-жекте жеңілмеген күйі аяқтаған жер жаһанда санаулы ғана боксшы бар. Ал олар кімдер?
Әлем • 27 Мамыр, 2020
Шартарапты шарлаған мына пандемия қоғамға үнсіздік әкелумен қатар жер бетіндегі барша адамдардың тіршілігін құбылтты. Таңның атысы, күннің батысы ары-бері сабылған қауым әдепкі әдетінен жаңылып, тек үйлерінде болды. Ешкім ешқайда асыққан жоқ (һәм кешіккен жоқ): бұрынғы тынымсыз өмір саябырсыды. Бұл карантиннің заты жаман болса да рухани өмірімізге бір пайдасы тиді десек, артық айтпаспыз, сірә. Кітап оқығысы келіп, бірақ әттеген-ай, күнделікті тұрмыстан қолы бір босамай, былайша айтқанда, жұмыстан мойны жар бермей жүрген оқырман үшін бұл бір рахат уақыт болды. Оқимын десе де, жазамын десе де өз еркі (өйткені бос уақыт көп). Сонда патша көңілді оқырман кімді оқыды? Қай жанр талғам парағынан орын алды?
Әдебиет • 27 Мамыр, 2020
Өмірге бір сәт басқаша көзбен қарауға үйрете алмаса, оның несі жазушы? Соны дереу түсіне қоймай, болған оқиғаның төңірегінен аспай отырса, несі оқырман! Әдебиетті астарлы шындықтың эстетикасы деу керек. Жазушы оны қалай құбылту керек екенін өзі біледі. Оның кейіпкерлері бар адамдар ма, жоқ әлде ойдан жасалған бейнелер ме, дәл сондай оқиға болды ма, жоқ па, әдетте бұл мәселелердің маңыздылығы шебердің жеткізуі тиіс ойының тасасында тұрады.
Өнер • 27 Мамыр, 2020
Коронавирустың кесірінен еліміздегі бірқатар мекеме жұмысын онлайн режімде жалғастырып жатыр. Мәселен, кеше сағат 12.00-де Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Қарағанды облысына қарасты Сәтбаев қаласының Достық үйі Долинка кентіндегі саяси қуғын-сүргін құрбандарын есте сақтау музейінде тікелей эфирде онлайн-экскурсия ұйымдастырды.