Қазақстан • 31 Мамыр, 2022
Қазақ үшін дәм де, дәрі де, сусын да, ем де қымыз. Дәрі болған соң өмірінің мәні қымыз екені айтпаса да белгілі. Сондықтан тарихын термелей бермей, осы жолы қадірлі асымыз неге нарықта жаппай сатылымда жоқ, соған бас қатырамыз.
Қоғам • 31 Мамыр, 2022
Ұрпақ амандығы – ортақ жауапкершілік
Әр адамның мойнына жүктелген басты парызы, кісілік борышы өмірге ұлағатты ұрпақ әкеліп, оны аман-есен өсіріп жеткізу болса керек-ті. Өкінішке қарай, жалғанның жарығына келген нәрестенің бәрі бірдей есейіп, ержетіп кете бермейді. Оның себебін өмірдің заңы деп түсіндіретіндер де табылар еді. Сонда ата-ана жауапкершілігі, бала қауіпсіздігі мәселесін қайда қоямыз? Әсіресе қараусыз қалған балалар қауіп-қатерге неғұрлым жиі ұшырайтынын мойындайтын кез келді.
Қоғам • 31 Мамыр, 2022
2019 жылы Нью-Йорк, Лондон, Торонто, Сидней және Нью-Дели қалаларында бір мезгілде ағылшын тілінде жарық көрген әйгілі америкалық миллиардер-бизнесмен, инвестор-филантроп, саңлақ саясаткер әрі Америка сынды алпауыт елдің ықпалды қоғам және мемлекет қайраткері Стивен Шварцманның «Бұл үшін не қажет: кемелдікке ұмтылыс сабақтары» атты ғажап туындысы – бүгінгі таңда кәсіпкер болуды армандайтын жасампаз жастар үшін ғана емес, әлемді шарпыған жаһандану заманындағы күллі бизнес өкілдері үшін де таптырмас үлгі, өйткені бұл заманауи монографияда көрініс тапқан қаржы әлемінің кәсіби маманының прагматикалық ақыл-кеңестері ұшан-теңіз және бұлай деуге дәйекті дәлелдер мен кез келген ақыл иесінің санасына сәуле шашатын деректер тізбегі жетіп артылады.
Референдум • 31 Мамыр, 2022
Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен түзетулерді жан-жақты түсіндіру үшін Парламент Мәжілісінің депутаттары Жанат Омарбекова және Ирина Унжакова арнайы жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына келіп, Өскемендегі Оралхан Бөкей атындағы қалалық орталықтандырылған кітапхана қызметкерлерімен кездесті.
Референдум • 31 Мамыр, 2022
Онлайн-марафон: Референдум мәреге бет алды
Күні кеше «Жаңа Қазақстан үшін» атты онлайн-марафон басталды. Интернет алаңдарда сарапшылар мен саясаткерлер, блогерлер мен қоғам қайраткерлері реформа жүзеге асырылғаннан кейін еліміз қандай болатыны туралы ой қозғады. Бұл жөнінде Қазақстан Халық партиясының баспасөз қызметі хабарлады.