Аймақтар • 19 Маусым, 2018
СҚО-дағы ботаникалық бақ қайта жаңғырады
Елімізде ботаникалық бақ санаулы ғана, оның бірі Петропавлда орналасқан. 106 жылдық тарихы бар жылыжайда әлемнің түкпір-түкпірінен әкелінген екі мыңға жуық тропикалық, субтропикалық өсімдіктер өсіп тұр.
Аймақтар • 19 Маусым, 2018
Катонқарағайда қараусыз қалған алма бағы қайта қалпына келтірілмек
Катонқарағай ауданының Солоновка ауылындағы 30 жылға жуық уақыт қараусыз қалған алма бағы қайта қалпына келтірілмек. Кезінде бұл жерде алма, қарақат пен таңқурай жайқала өсіп, ауыл тұрғындарының көз қуанышына айналған екен.
Жазғы спорт • 19 Маусым, 2018
Жаһан жаңалықтары. Нурмагомедов пен МакГрегор күзде айқасады
UFC бойынша жеңіл салмақтағы әлем чемпионы Хабиб Нурмагомедов пен Конор МакГрегор 6 қазан күні өзара жекпе-жек өткізеді. Бұл туралы ресейлік спортшының әкесі Абдулманап Нурмагомедов хабарлады.
Футбол • 19 Маусым, 2018
Швецияның әлем чемпионатына шыққанының өзі шытырман оқиғалармен өрілді. Ресейдегі әлем чемпионатында осы жолды жалғастырып, соңына дейін күрессе, скандинавтар қамал алуы мүмкін. Бапкері де, ойыншылары да бір белесті бағындырмай қайтпаспыз деп білек сыбанып отыр.
Күрес • 19 Маусым, 2018
Балп-балп басқан балуандар қайда?
Ордабасы ауданында күш атасы Қажымұқанды еске түсіруге арналған қазақша күрестен жыл сайынғы дәстүрлі турнир өтті. Бүгінде қазақ күресінен ең ірі жарыс осы. Кіл мықтылар осы жарыста тоқайласады. Бұл жолы да екі бірдей «Қазақстан барысы» келген. Бойымен көк тіреген апайтөс Айбек Нұғымаров пен әбжіл Мұхит Тұрсынов. Бірақ өзбекстандық Мухсин Исамудиновті көргенде көңілдегі тоқтықты жиып алдық. Кейбір балуандай қарны сыртқа ақтарылып жатпайтын, қоладан қазір құйғандай ықшам Мухсиннің сырын бір кісідей білеміз. Жыл аралатып келеді. Жай келмейді. Біздің әспенсітіп жүрген балуандарымыздың аяғын аспаннан келтіріп допша домалатып кетеді.